өсімдіктердің жұқпалы ауруларын балауда кеңінен колданылуда. Бұл
тәсілдер өздерінің сезімталдылығы мен телімділігі жағынан кейбір
серологиялық және вирусологиялық реакциялардан асып түседі.
Ветеринария тәжірибесінде ИФТ мал шаруашылығына өте үлкен
экономикалық зиян келтіретін аса қауіпті жұқпалы ауруларды дер
кезінде анықтау, мал өнімдері мен шикізаттарын ветеринариялық-
санитарлық сараптау үшін қолдануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар
малдардың иммунобиологиялық күйін бақылау, вакциналар мен емдік
қан сарысуларының тиімділігін анықтау жұмыстарында және басқа
зерттеулерде маңызды роль атқармақ. Қорыта айтқанда, ИФТ келешекте
зертханалық және клиникалық зерттеулерге арналған иммунохимиялық
талдаулардың ішіндегі ең басты тәсілдердің бірі болмақ.
ИФТ-дың «жанама» қойылымы.
Иммунды ферменттік талдаудың
«жанама» қойылымы зерттеуге алынған биологиялық материалдардың
құрамынан белгілі бір антигенге телімді антиденелерді анықтауға
негізделген. Бұл әдісте пайда болған «антиген+антидене» кешені
ферментпен таңбаланған анти-антиденелердің көмегімен анықталады.
Бұл әдістің қойылу жолдары келесі тәртіппен жүргізіледі (43-сурет).
Әуелі қатты фаза антигенмен бекітіледі (1).
Сонан соң қатты фазаны зерттеуге алынған
үлгімен өңдеп (2), антигенмен байланысқа
түспеген антиденелердің артық мөлшерін
шайып
жібереді.
Пайда
болған
«антиген+антидене» кешенін анықтау
мақсатында қатты фазаны ферментпен
таңбаланған
анти-антиденелермен
(конъюгатпен) түйістіреді (3). Келесі кезеңде
конъюгаттың артық мөлшері шайылып, пайда
болған «антиген+антидене+конъюгат» кешенін
анықтау үшін ферменттің субстраты іске
қосылады (4). Қатты фазада фермент
болғанда, яғни реакция оң нәтиже көрсеткен
жағдайда (ол тек зерттеуге алынған үлгілердің
құрамында антигенге телімді антиденелердің
барында ғана қатты фазадан шайылмай
қалады) субстрат ыдырауға ұшырап,
хромогеннің сұйықтықты бояуына себепкер
болады. Ал зерттеуге алынған үлгілерде
телімді антиденелер болмаса, конъюгат шайылып кетеді де, субстрат
сұйықтығы өзгеріске ұшырамай түссіз күйінде қалады (теріс нәтиже).
Субстраттың ыдырауы тоқтатылып, реакция нәтижелері
фотоколориметриялық әдіспен немесе аспапсыз көзбен қарау арқылы
анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: