табылады. Сұйықтықпен қоса бояу қосылған антиденелер де жылжиды.
Егер аталмыш сұйықтықта зерттелетін антиген (гормон, індеттік немесе
онкологиялық маркер) болса, онда оның бірінші және екінші тип
антиденелерімен байланысуы жүзеге асады. Осы кезде, ИХТ сызығының
тест-аймағында иммобильденген антиденелердің жан-жағында бояу
қосылған антиденелер жинақталып, қанық боялған сызықтың пайда
болуымен сипатталады. Бояу қосылған бос антиденелер сызық бойымен
ары қарай жылжып, амалсыз екінші бақылау аймағындағы
антиденелермен байланысады да, осы жерде екінші бақылау сызығы
пайда болады. Бақылау аймағындағы (боялған) байланысушы сызық
зерттелетін үлгідегі антигеннің болуына немесе болмауына қарамастан
әрдайым шығып отыруы керек (егер талдау дұрыс жүргізілсе).
Нәтижелер көзбен шолу арқылы 3 минуттан 8 минутқа дейінгі аралықта
айқындалады.
ТЖ – тест (сыналатын) жолағы; БЖ – бақылау жолағы
_ Зерттелетін материал
_ Бояу қосылған зерттелетін антигенге телімді антидене конъюгаты және
сұйықтықпен қоса сызық бойымен жылжиды
_ Тест-жолаққа бекітілген сыналатын антигенге телімді антидене
_ Тест-жолақтын бақылау аймағына қатаң иммобилизденген
антиденелерге телімді екіншілік антиденелер.
Достарыңызбен бөлісу: