Агглютинация механизмі. Кейінгі мәліметтер бойынша,
агглютинация – көп валентті (екі және одан да көп) антиденелер мен
антигеннің байланысу нәтижесі. Пайда болған кешеннің тұнбаға түсуі
кезінде, яғни реакцияның қалыптасуын көзбен көру үшін міндетті түрде
электролит болуы керек. Антиген мен антидененің байланысуы және
олардың кешенінің қалыптасуы электролитсіз ортада өте беруі мүмкін.
Агглютинация реакциясындағы антигенді
агглютиноген , антиденені
–
агглютинин , ал пайда болған «антиген + антидене» кешенін –
агглютинат деп атайды (35-сурет). Бұл терминдер маңыздылығы
бойынша, яғни нақты сол антиденелер агглютининдеуші,
преципитирлеуші және комплемент байланыстырушы болуы ықтимал.