Микробиологиялыќ зертхана


ИММУНДЫ ФЛУОРЕСЦЕНЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ



Pdf көрінісі
бет140/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

ИММУНДЫ ФЛУОРЕСЦЕНЦИЯ РЕАКЦИЯСЫ
Иммунды флуоресценция реакциясы (ИФР) зерттеуге алынған
(жағындылардағы, ұлпа кесінділеріндегі) материалдағы бактерия немесе
вирус текті антигендерді флуорохроммен (флуоресцеин-изотиоцианит)
таңбаланған телімді антиденелердің көмегімен анықтауға негізделген.
Флуорохроммен таңбаланған телімді антиденелер мен антигендер
байланысқа түскен жағдайда люминесценттік микроскоппен байқалатын
жарқырауық кешендер түзіледі.
Люминесценттік микроскопия үшін зерттеуге алынған
материалдардан жағындыны зат шынысының бетіне 1,25 мм, ал ұлпа
кесіндісін 4-8 мм-ге дейінгі қалыңдықта дайындап, этанол (15 мин),
метанол (5 мин), ацетон немесе диоксанмен (15-20 мин) 0-2°С
температурада бекітеді. Бекітілген препаратты рН 7,2-7,4 болатын 0,01М
фосфатты тұз ерітіндісімен шайып, ауада кептіреді. 
ИФР тікелей қойылымы.
Көпіршеге қойылған жағынды бетіне
жұмыс сұйылтымындағы флуорохроммен таңбаланған телімді қан
сарысуын қосқаннан кейін бетін жауып, бөлме температурасында
немесе +37ºС реттелген термостатта 15-20 минут бойы ұстайды. Уақыт
өткен соң, препаратты 5 рет физиологиялық ерітіндімен және
дистилденген сумен шайып, ауада кептіріледі. Кептірілген препараттың
бетіне фосфатты буфер ерітіндісі қосылған глицеринді тамызып,
жапқыш шынымен жауып, иммерсионды майдың көмегімен
люминесценттік микроскоппен қарайды. Реакция нәтижесі оң болған
жағдайда жарқырауық денелер түрінде көрінеді (41-сурет). Жарқырап
көрінген денелердің деңгейлеріне байланысты бір мен төрт крест
бойынша белгіленеді. Бір крестте (+) күдікті нәтиже, екі (++) және одан
жоғарыларында (+++, ++++) оң нәтиже, ал жарқырауық денелер
байқалмағанда теріс нәтиже (–) деп есептеледі. 
ИФР жанама қойылымы.
Бұл реакцияның тікелей қойылымынан
айырмашылығы, мұнда зат шынысының бетіне бекітілген антигеннің
үстіне позитивті қан сарысуы (антигенді анықтауда) немесе зерттеуге
алынған қан сарысуы (антиденелерді анықтауда) қосылады (42-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет