Құрамында вирусы бар өсінді сұйықтықтарынан антигендерді алу
үшін, оларды 2-3 сағат бойы –20ºС температурада қатырып, еріткеннен
кейін сұйықтықты 15 минут бойы 3000 айн/мин центрифугамен
тұндырады. Тұнба сұйықтығын +58ºС-де белсенділігін жойған соң қайта
тұндырып, оны КБР-да антиген ретінде қолданады.
Негізгі зерттеуді жүргізу.
Вирустардың типін анықтау үшін негізгі
зерттеумен қатар, бақылау – барлық телімді антигендер мен қан
сарысулары қойылады.
Реакцияны қою үшін компоненттер келесі кезекпен құйылады: 1)
жұмыс титріндегі барлық телімді қан сарысуларының әр қайсысы бір
қатарға (тігінен) 0,2 мл мөлшерінде; 2) жұмыс титріндегі антигендер
бірінші қатардағы түтікшелерге (көлденеңінен) 0,2 мл мөлшерінде, әр
антиген бір қатарға; 3) зерттеуге алынған антиген 0,2 мл мөлшерінде, әр
сұйылтымға бір қатар түтікшеден (көлденеңінен); 4) физиологиялық
ерітінді соңғы қатардағы түтікшелерге, антигеннің орнына,
көлденеңінен (қан сарысуының бақылау) және қан сарысуының орнына,
тігінен (антигендердің бақылауы) 0,2 мл мөлшерде; 5) жұмыс
сұйылтымындағы комплементті 0,2 мл-ден барлық түтікшелерге.
Түтікшелерді ақырын шайқап, +37-38ºС температураға реттелген су
моншасында 20 минут ұстайды; 6) барлық шыны түтікшелерге 0,4 мл-
ден гемолиттік жүйені қосып, шайқағаннан кейін қайта су моншасына
(+37-38°С) 30 минутқа қояды. Реакцияны су моншасында тұрғаннан
кейін 5-10 минуттан соң оқиды және соңғы нәтижені 10-12 сағаттан
кейін анықтайды. Гемолиздің тежелу дәрежесін келесі көрсеткіштер
бойынша бағалайды: ++++ - 100% гемолиздің тежелуі; +++ - 75%
гемолиздің тежелуі; ++ - 50% гемолиздің тежелуі; + - 25% гемолиздің
тежелуі; – - толық гемолизге ұшырауы.
Егер зерттеуге алынған антиген телімді антиденелерге тән болса –
гемолиз тежеліп, реакция оң болады; ал антигенге телімді антиденелер
болмаса – реакция теріс болып, толық гемолиз байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: