Ферментативтік (биохимиялық) қасиеттері. Желатин мен
ұйытылған сарысуды сұйылтпайды, индол түзбейді, олардың түрлері
мен штамдары күкіртсутек пен аммиакты түзеді. Сүтті ұйытпайды.
Каталаза түзеді. Қышқыл түзе отыра глюкозаны, арабинозаны,
декстрозаны, левулозаны, т.б. ыдыратады.
Бруцеллалардың түрлерін ажырату үшін S-пішінді таза өсінділерді
қолданады. Олардың диссоциациясын анықтау мақсатында
термоагглютинация реакциясын, флавакридин сынауын, колонияларды
кристаллвиолетпен бояу тәсілдерін пайдаланады. Соңғы тәсілде Петри
шыныларындағы қоректік орталардағы өсінділерге 1:2000 қатынасында
сұйылтылған бояуды құйып, 5 минуттан соң сорып алады. Осы кезде
колониялар қаракөк түске боялса – диссоциацияланған, ал жасыл немесе
ашық-сары түсті болса – диссоциацияланбаған (S-пішінді) болып
есептеледі. S-пішінді колониялар қиғаш қатырылған ЕПБА-на қайта
себіліп, өздеріне тән белгілермен ажыратылады (5 кесте).
5-кесте. Бруцеллалардың негізгі дифференциалдық белгілері
Белгілері
Brucella abortus Brucella melitensis Brucella suis Фуксині бар қоректік ортада өсуі 1:25 000