центрифуга көмегімен шайылады. Зерттеуге сүттің тұнбасы немесе
қаймақ қабаты алынады.
Шыны түтіктегі 2-4 г
май
үлгісіне ыстық су құйып, тығынын
жауып, 10-15 минут шайқағаннан кейін, төңкеріп салқын жерде
қалдырады. Май қатқан соң шыны түтікті абайлап ашып, сұйықтықты
центрифуганың шыны түтіктеріне құйып алады. Майдың сұйықтығы сүт
сияқты тексеріледі.
50 г
нәжіс
стерильді келіде күкірт қышқылының 18%-ды
ерітіндісінде ұнтақталады да дәкемен сүзіліп, центрифугаланады. Пайда
болған тұнба жоғарыда көрсетілгендей зерттеледі.
Микобактериялардың концентрациясын
флотация тәсілімен
де
көбейтуге болады. Ол үшін әдеттегідей дайындалған үлгілердің 10 мл-ін
ауызы тар шыны ыдысқа құйып, оған 1%-ды NaOH ерітіндісін қосып,
тығынын жауып, 10 минут шайқайды. Қоспа дистилденген сумен 1:10
қатынасында сұйылтылады да, оған ксилолдың немесе бензиннің 1-2 мл-
і құйылады. Ақырында шыны сауытқа толтыра су құйылады. 30 минут
бойы тұрған судың беткі жағында ксилолдың тамшыларынан пайда
болған флотациялық сақиналардан қоректік орталарға себеді және
жағынды-препараттар дайындайды.
Достарыңызбен бөлісу: