Өсінділік қасиеті. Алдын-ала өңделген материалды элективті
(таңдаулы): жұмыртқа мен крахмал қосылған ортаға, глицерині бар
картоп ортасына және бөгде микроорганизмдердің өсуін тежейтін бояу
қосылған орталарға себеді.
Зертханалық тәжірибеде Петраньяни, Левенштейн-Йенсен,
Гельбергтің тығыз қоректік орталары мен Школьникованың сұйық
қоректік ортасы жиі қолданылады. Сонымен қатар, Глицеринді ЕПА
және ЕПС-нда да өсіруге болады.
Туберкулез қоздырғышы – аэроб, өте баяу (2-4 апта және оданда
ұзақ уақыт) өседі. Кейде термостатта 3 айға дейін ұсталады. Қолайлы
өсу температурасы 37ºС. Глицеринді сорпа бетінде
Mycobacterium tuberculosis қалың, қатпарлы қабық түзеді. Ал тығыз қоректік орталарда
құрғақ сүйел немесе қатпарлы колонияларды құрайды.
Mycobacterium bovis Петраньяни ортасында жасылдау келген колонияларды, сұйық
қоректік орталарда жұқа, нәзік, кейде ортаның бетін толық жаппаған
торшалы қабықша түзіп өседі. Тығыз қоректік орталарда колониялар
мардымсыз өсіп, ұсақ түйіршікті, құрғақ, ақшыл-сұрғылт түсті болып
келеді (61-сурет).
Mycobacterium avium сұйық ортада
әуелі құрғақ, сосын ортаның бетін
түгелдей қамтитын шырышты қабықша
түзеді. Тығыз қоректік ортада олардың
колониялары ақшыл-сұрғылт немесе
сары түсті болып келеді. Петраньяни
ортасында алтын түсті колонияларды
құрап, түйме тәрізді дөңгелек
төмпешікті, ал кейде кратер тәріздес
шұңқырша
тәрізді
өседі.
Mycobacterium avium микобактериялардың басқа түрлеріне
қарағанда тезірек өседі (62-сурет).
Микобактериялардың түрлерін бір-
бірінен ажырату үшін