Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет190/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Бақылау сұрақтары:
 
1
Mycobacterium tuberculosis-
тің
морфологиялық және тинкториальдық ерекшеліктері. 2 Микобактерия-
ларды өсіруге арналған қоректік орталар, олардың өсінділік қасиеттері
мен идентификациясы. 3 Микобактерияларды қышқылға төзімді
сапрофитті микроорганизмдерден ажырату тәсілдері. 4 Туберкулезді
балауда қолданылатын биологиялық сынаманың ерекшелігі.
5 Бактериологиялық зерттеу жүргізуге қажетті патологиялық
материалдар.
ЛИСТЕРИОЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ
Листериоз қоздырғышы –
Listeria monocytogenes.
Бұл ауруға
көптеген ауылшаруашылық және жабайы жануарлар, кеміргіштер,
құстар және адамдар шалдығады. Листериоз ауруы кезінде орталық нерв
жүйесі (менингоэнцефалит), жыныс органдары (іш тастау), сүт бездері
(желінсау) зақымдалады және септицемия байқалады.
Патологиялық материал.
Зерттеуге ұсақ жануарлардың өлексесі
тұтас, ірі малдардың басы, паренхиматозды мүшелері, іш тасталған төл
қабықшасымен бірге, желіннің зақымдалған бөлігінен алынған сүт
жіберіледі. Күдікті малдардың қаны серологиялық зерттеуге алынады. 
Микроскопиясы.
Бас миы мен ішкі органдардан жасалған
жағындылар Грам тәсілі және флуорисцирлеуші антиденелер бойынша
боялады. Грам тәсілімен боялған препараттарда листериялар ұштары
дөңгеленіп келген грам-оң, жеке-жеке,
римнің бестік санына ұқсас, қысқа тізбек
немесе параллель орналасқан таяқша
түрінде, көлемі 0,5-2 мкм полиморфты
жасушалар ретінде кездеседі (63-сурет).
Люминесценттік микроскопияда олар
жарқырауық
таяқшалар
немесе
полиморфты жасуша түрінде көрінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет