қажет етеді. Жануарларды жұқтыру үшін өсірілген өсінді немесе күкірт
қышқылымен өңделген патологиялық материал қолданылады.
Центрифугаланған үлгінің тұнбасына ас содасының 15%-ды ерітіндісін
құйып, қоспаны 10-15 минут ұстайды. Сонан соң тағы 5
минут центрифугалағаннан кейін,
пайда болған тұнбаны 2 рет стерильді
физиологиялық
ерітіндімен
центрифугалау арқылы шаяды.
Соңында тұнба физиологиялық
ерітіндімен сұйылтылып, 5-10
минутқа қалдырылады. Осы тұнба
сұйықтығының 1-2 мл-ін теңіз
шошқаларының шап аймағына, үй
қояндарының қан тамырына егеді.
Биологиялық
сынаудың
оң
нәтижесінде теңіз шошқаларының
егілген орындарының ұлпалары
тығыздалып,
кейіннен
шап
аймағындағы лимфа түйіндері ісініп,
егілген жерде жара пайда болады. 2-3
аптадан соң осы теңіз шошқаларының тері астына туберкулин (аллерген
– автоклавпен өлтірілген микобактериялардың сүзіндісі) егіледі.
Туберкулез қоздырғышы жұқтырылған жануарлар бұл препаратқа
гиперсезімталдықтың баяу түрімен жауап (иммунды жауаптың бір
формасы) қайтарады. Жұқтырылған жануарлар өлгеннен кейін
органдарында пайда болған туберкулалардан жағындылар дайындап,
қоректік орталарға себінділер жасайды.
Mycobacterium bovis
үй
қояндары мен теңіз шошқаларында туберкулездің асқынған
(генериализацияланған) түрін қоздырады.
Mycobacterium tuberculosis
тек
теңіз шошқалары үшін патогенді болып келеді.
Mycobacterium avium
үй
қояндарын сепсиске ұшыратқанымен, олардың органдарында
туберкулалар пайда болмайды. Микобактерияның осы түрімен
жұқтырылған үй қояндары 11-30 күн аралығында өледі.
Вируленттілігі әлсіз өсінділер бөлініп алынған жағдайда туберкулез
микобактерияларын қышқылдарға төзімді басқа сапрофитті
бактериялардан
Достарыңызбен бөлісу: