Бақылау сұрақтары: 1 Листериозға сезімтал жануарлардың
түрлері. 2 Листериозды анықтауда алынатын патологиялық материалдар
мен оларды бактериологиялық зерттеу. 3 Листерияларды өсіруге
арналған қоректік орталар, олардың өсінділік және ферментативтік
қасиеттері. 4 Листерияның морфологиялық және тинкториальдық
қасиеттері, оны шошқа тілмесі бактериясынан ажырату белгілері.
5 Листериялардың серологиялық идентификациясы.
ШОШҚА ТІЛМЕСІНІҢ ҚОЗДЫРҒЫШЫ Шошқа тілмесінің қоздырғышы – Erysipelothrix rhuisopathiae. Бұл микроорганизм жіті және созылмалы түрде өтетін жануарлар мен
адамдарға ортақ жұқпалы ауруды қоздырады. Аурудың жіті түрінде
септицемия мен эритема белгілері байқалады, ал созылмалы түрінде
эндокардит пен артриттер дамиды. Әдетте бұл ауруға 3 айлық жастан
бір жас аралығындағы жануарлар шалдығады. Сонымен қатар, шошқа
тілмесінің қоздырғышына сүт қоректілер мен құстардың көптеген
түрлері сезімтал келеді.