Патологиялық материал.
Бактериологиялық зерттеуге өлексені
тұтас немесе паренхиматозды мүшелерін (жүрек, бауыр, көк бауыр,
бүйрек) алады. Алынған материалдарды зерттеуге жедел түрде
жөнелтуге мүмкіндік болмаған жағдайда, оларды глицериннің 30%-ды
ерітіндісімен консервілейді. Жілік сүйектерін жұмсақ ұлпалардан
тазартып, 2-3%-ды карбол қышқылының ерітіндісімен
дымқылдандырылған дәкемен орайды.
Микроскопиясы.
Патологиялық материалдардан жағынды дайындап,
Грам тәсілімен бояйды. Зерттеудің оң нәтижесінде жеке-жеке, қос-
қостан немесе шоғырланған ұсақ таяқша тәріздес грам-оң
бактерияларды көруге болады (65-сурет). Жүректің зақымдалған
клапандарынан жасалған препараттарда микроб ұзын жіп тәріздес болып
келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |