Биологиялық сынау. Паренхиматозды органдардан дайындалған
суспензияны немесе ЕПА-да 1-2 тәулік бойы өсірілген өсінді
шайындысын 16-18 г салмағы бар ақ тышқандардың тері астына егеді.
Шошқа тілмесінің қоздырғышы зертханалық жануарларды 2-4 тәуліктен
соң өлімге ұшыратса, вируленттілігі төмен бактерияларымен
жұқтырылған жануарлар ұзақ уақыттан кейін барып өледі. Өлген
зертханалық жануарларды сойып, олардың ішкі органдарынан таза
өсіндіні бөліп алу үшін ЕПС мен ЕПА-на себінді жасайды.
Шошқа тілмесіне бактериологиялық