диагнозды дұрыс қою үшін
келесі жағдайлар ескеріледі:
1) иммунофлюоресценция реакциясымен (ИФР) зерттелген
материалдардан ауру қоздырғышының табылуы;
2) патологиялық материалдардан бөлініп алынған өсінділердің
өсінділік және биохимиялық қасиеттері шошқа тілмесі қоздырғышына
тән болуы;
3) жұқтырылған жануарлардың өлекселерінен шошқа тілмесі
қоздырғышының таза өсіндісінің бөлінуі.
Бақылау сұрақтары: 1 Шошқа тілмесі қоздырғышының
латынша атауы. 2 Қоздырғыштың морфологиялық, өсінділік және
биохимиялық қасиеттері. 3 Шошқа тілмесіне күдік туған малдардан
патологиялық материалдарды алу және оларды зерттеуге жөнелту
ережелері. 4 Шошқа тілмесі мен листериоз қоздырғышын бір-бірінен
151
ажырату. 5 Биологиялық сынау қойылатын зертханалық жануарлардың
түрлері.