68-сурет. Қаннан
дайындалған препараттағы
пастереллалардың
микроскопиясы
69-сурет.
Pasteurella multocida
өсіндісі
Пастереллалардың гемолиттік қасиеттері болмайды.
Pasteurella
multocida
ЕПС-ын біркелкі лайлап, шайқағанда өрілген шашқа ұқсас
шырышты тұнба түзіп өседі (S-пішінді), ал диссоциацияланған
пастереллалар (R-пішінді) қоректік ортаны лайламай, ұсақ түйіршікті
немесе мақта тәріздес тұнба түзеді.
Ферментативтік қасиеті.
Қоздырғыш лактозаны, дульцитті,
глицеринді, салицинді, инулинді, рамноза мен раффинозаны
ферменттейді. Нитратты редукциялайды, индол бөліп шығарады, ал
уреазаны түзбейді. Пастереллалар желатинді сұйылтпайды, сүтті
ұйытпайды және пептонизацияға ұшыратпайды. Нитратты
редукциялағыш қасиетін анықтау үшін шыны түтіктердегі 0,1%-ды
KNO
3
қосылған ЕПС-да 1-2 тәулік бойы өсіргеннен пастереллаларға 2-3
тамшы Грисс реактивін қосады. Нәтиже оң болған жағдайда қоректік
ортаның түсі күлгін-қызыл түске боялады. Индол түзу қабілетін анықтау
үшін Хоттингер және Мартен сорпасына себінді жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |