Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет210/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Биологиялық сынау
зертханалық жануарлардан қоздырғыштың
таза өсінділерін бөліп алу және оның вируленттілігін анықтау үшін
жүргізіледі. Ірі қара мал, шошқа және қойлардан алынған патологиялық
материал суспензиясын ақ тышқандар немесе қояндарға, құстардан
зерттеуге алынған суспензияны көгершін, тауық, үйректерге жұқтырады.
Көгершіндердің бұлшық етіне 0,3 мл, ақ тышқандар мен қояндардың
тері астына 0,2 және 0,5 мл мөлшерінде егеді. Жұқтырар алдында
қояндардың организмінде пастереллалардың бар немесе жоқ екендігін
анықтау үшін, олардың танауына 2 тамшыдан бриллиант жасылының
0,5%-ды судағы ерітіндісін үш күн бойы енгізеді. Осы уақытта мұрын
156


қуысынан іріңді сұйықтық аққан қояндарды пастерелла алып жүруші
деп есептеп, оларды тәжірибеге қолданбайды.
Жұқтырылған патологиялық материал құрамында пастереллалар
болған жағдайда аталмыш жануарлар 16-18 сағат аралығында өлімге
ұшырайды. Сұйық қоректік ортада өсірілген өсіндіні жоғарыда
көрсетілген дозаларда көгершіндер, ақ тышқандар немесе қояндардың
тері астына егу арқылы пастереллалардың вируленттілігін анықтайды. 
Пастереллезге бактериологиялық
диагноз
патологиялық
материалдан грам-теріс, капсула түзетін, қозғалмайтын таяқша
бактерияларды бөліп алғанда, индол түзетін, глюкозаны, сахарозаны,
сорбит пен маннитті ыдырататын, гемолиттік қасиеті бар және
зертханалық жануарларға вирулентті болып келетін қоздырғыш
табылғанда қойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   206   207   208   209   210   211   212   213   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет