аймағын түзбейді, ауру мал организмінде капсула түзеді, пенициллинге
сезімтал. Микробтардың сезімталдығын анықтау үшін құрамында
пенициллиннің 0,5 және 0,05 ӨБ/мл бар ЕПА-ына микробты сеуіп, 37-
38ºС-де термостатта 3 сағат бойы ұстайды. Осы кезде сібір жарасы
қоздырғышының жасушалары пенициллиннің әсерінен шар тәріздес
пішінге ие болады. Бұл құбылыс микробтың L- трансформациясының
бастапқы сатысы болып есептеледі.
Өсінділердің идентификациясы сібір жарасының бактериофагының
көмегімен де жүргізіледі. Ол үшін қиғаш қатырылған ЕПА-ға зерттеуге
алынған өсіндіні немесе патологиялық материалды себеді де, шыны
түтіктің ішіне фагтың (Гамма-МВА немесе К-ВИЭВ) бір тамшысын
тамызып, шыны түтікті термостатқа тігінен қойғанда фагтың тамшысы
түбіне қарай жылжиды. Материалда
Bacillus anthracis
болған жағдайда
тамшының төмен қарай жылжу жолында микробтың өсуі байқалмайды.
Ал сапрофитті бациллалар фагтарға төзімді болғандықтан, ЕПА-дың
бүкіл бетіне жайылып өседі.
Достарыңызбен бөлісу: