Сұйық қоректік орталарда қарасан қоздырғышы тәрізді өседі. Қан
қосылған агарда гемолиз аймағы байқалады. Желатинді сұйылтады,
сүтті газ түзе отыра пептонизациялайды, күкіртсутек, аммиак, май
қышқылын түзеді. Глюкоза, мальтоза, глицеринді ферменттейді.
Антигендік құрылымы жағынан әр түрлі болып келетін өте күшті
A, B,
C, D, E, F
– токсиндерді түзеді. Ішекке түскен токсин қан арқылы бас
миына жетіп, сопақша ми, жүрек-тамыр жүйесі жасушалары мен
бұлшық етті зақымдайды. Токсинді патологиялық материалдан бөліп
алу үшін оны 1:2 қатынасында физиологиялық ерітіндімен араластырып,
1-2 сағаттан соң алынған экстрактты Зейтц сүзгісінен өткізеді де, үшке
бөледі. Бір бөлігін зертханалық жануарлардың тері астына егеді.
Материалда токсин болған жағдайда жануарлар өледі. 80ºС
температурада 30 минут бойы қыздырылған екінші бір бөлігін теңіз
шошқаларға егеді. Токсин термолабильді, қыздырғанда белсенділігі
жойылып, теңіз шошқасына зиянсыз болып қалады. Үшінші бөлігі
токсиннің қай топқа жататындығын анықтауда қолданылады. Ол үшін
сүзінді поливалентті антитоксинді қан сарысуымен араластырылып, 1-2
сағат термостатта ұсталғаннан кейін теңіз шошқаларының тері астына
егіледі. Сүзіндідегі токсиндер антитоксиндермен залалсыздандырылып,
жануарларға зиянсыз болып қалады. Мұндай нәтижелер ботулизмді
балауға мүмкіндік береді.
ФУЗОБАКТЕРИОЗ (НЕКРОБАКТЕРИОЗ) ҚОЗДЫРҒЫШЫ –
Fusobacterium necrophorum.
Ол
әдетте жергілікті некротикалық
процестердің дамуымен сипатталады. Некроз жиі жағдайда
жануарлардың аяқтарында, кейде ошақтар бауыр, өкпе, бүйрек және т.б.
органдарда байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: