Микробиологиялыќ зертхана


Суды бактериологиялық зерттеу



Pdf көрінісі
бет228/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Суды бактериологиялық зерттеу
үшін 500 мл су үлгісін 10-15
мың айналымда 30 минут центрифугалап, пайда болған тұнбаның 2-3
мл-ін, МАР-ында теріс нәтиже көрсеткен, ересек қояндардың тері астына
егеді. 7, 14 және 20 күннен соң егілген қояндардың қан сарысуын әр
түрлі серологиялық топтағы лептоспира антигендерімен МАР-ында
тексеріледі. МАР-да 1:10 және одан жоғары титрде оң нәтиже бергені,
зерттеуге алынған судың құрамында патогенді лептоспиралардың бар
екендігін білдіреді. 
Лептоспироздың
серологиялық диагностикасы
микро- және
макроагглютинация реакциясымен іске асырылады. Малдардан қанды
алғашында аурудың 5-7-ші күндері, сонан соң 7-10 күннен соң қайта
алады. Зерттеуге жаңадан алынған, сүзгіш қағаз бетінде кептірілген
немесе фенолмен консервіленген канның сарысулары қолданылады.
МАР-нда антиген ретінде лептоспиралардың тірі, таза зертханалық
өсінділерінің бірнеше серотоптарын (
hebdomadis, grippotyphosa,
icterohaemorrhagiae, canicola, pomona, tarassovi
) пайдаланады. Қан
сарысуы үлгілері 1:100, 1:500, 1:2500, қажет жағдайда 1:100, 1:200, 1:400
сұйылтымдарында тексеріледі. 
Микроагглютинация реакциясы шұңқыршалары бар пластиналарда
қойылады. Ол үшін алдын ала физиологиялық ерітіндіде 1:50, 1:250 және
1:1250 титрде сұйылтылған қан сарысуларын әр шұңқыршықтарға, ең
жоғарғы сұйылтымнан бастап, 0,1 мл мөлшерде енгізеді. Қан
сарысуларының әр сұйылтымын бір қатардағы 6 шұңқыршыққа
(қолданылатын антигендердің санына байланысты) құяды. 6 түрлі
лептоспира антигендерін жеке-жеке 0,1 мл-ден түрлі сұйылтымдағы қан
сарысулары бар үш шұңқырша үстіне қосады. Нәтижесінде үлгілердің
165


соңғы сұйылтымы 1:100, 1:500, 1:2500-ді құрайды. Пластинаны баяу
шайқап, 1 сағат бойы термостатта (30ºС) ұстайды. Сонымен қатар,
лептоспиралардың өздігінен желімделуін жоққа шығару үшін бақылау
үлгілері қойылады (0,1 мл антиген + 0,1 мл физ.ерітінді). Реакция
нәтижесі препараттарды қараңғыланған конденсоры бар микроскоппен
қарау арқылы бағаланады.
Макроагглютинация реакциясы шыны бетінде жүргізіледі. Ол үшін
зат шынысының бетіне тамызылған қан сарысуының үстінен лептоспира
антигенінің бір тамшысы қосылып, шыны таяқшалармен
араластырылады. Реакция нәтижесі 10 минуттан соң оқылады. Мұнда 4,
3, 2 крест оң, ал 1 крест теріс нәтижені көрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет