Бақылау сұрақтары:
1 Лептоспироз қоздырғышы, олардың
морфологиялық, тинкториалдық және өсінділік қасиеттері.
2 Лептоспироздың микробиологиялық диагностикасына патологиялық
материалдарды алу және оларды зертханаға жөнелту ережелері.
3 Лептоспираларды өсірудің ерекшеліктері. 4 Лептоспиралар
микроскопиясының ерекшеліктері. 5 Лептоспиралардың серологиялық
диагностикасында қолданылатын әдістер. 6
Серологиялық зерттеуде
қолданылатын антигендер. 7 Материалдарды бактериологиялық
зерттеуге дайындау.
КАМПИЛОБАКТЕРИОЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ
КАМПИЛОБАКТЕРИОЗ (вибриоз) – ірі қара мал мен қойдың
созылмалы түрде өтетін ауруы. Бұл ауруға шалдыққан малдарда іш
тастау, шуының ұзақ уақытқа дейін түспеуі, бедеулік, метрит, вагинит
және жас төлдердің өлуі байқалады. Қойлар буаздықтың екінші
жартысында жаппай іш тастайды.
Кампилобактериоз қоздырғышы
Campylobacter fetus (foetes)
. Олар
Spirochetales
қатарына,
Spirillaceae
тұқымдасына,
Campilobacter
туысына
жатады.
Campilobacter
туысының үш түрі белгілі:
C.fetus, C.sputorum,
C.fecalis. Campylobacter fetus
үш түр тармаққа бөлінеді:
C.fetus subsp.
fetus -
ірі қара малға, теңіз шошқалары мен тауық эмбриондарына
патогенді;
C.fetus s. intestinalis -
қойларда, сирек жағдайда сиырларда іш
тастатады;
C.fetus s. jejunum -
қойлардың іш тастауына себепкер болып,
сау ірі қара, шошқа және құстардың ішегінде кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |