Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет230/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Патологиялық материал
ретінде зерттеуге түсік, плацента, іш
тастаған немесе күйлеген малдардан стерильді алынған жатыр
мойынының кілегейі, бұқалардың препуцальды кілегейі мен ұрық
безінің секреті, ал диагностикалық мақсатта сойылған малдардың
жатыры, қынабы, жамбас қуысының лимфа бездері жіберіледі.
Микроскопиясы.
Патологиялық материалдардан дайындалған
жағындылар Грам тәсілімен және 1:5 таза суда ерітілген Циль
фуксинімен 1-2 минут боялады. Кампилобактерия грам-теріс, пішіндері
166


ұзарған спириллаларға, ұсақ коккалар, ұшып бара жатқан шағалаға
ұқсас, жас өсінділерде үтір, кейде S-тәрізді болып көрінеді. Ұзындығы
1,5-7 мкм, диаметрі 0,2-0,5 мкм (77-сурет). Жасуша бір ұшында
орналасқан (кейде екі ұшында бір-бірден орналасқан) жіпшесінің
көмегімен бір сызық бойымен қозғалады. Спора мен капсула түзбейді.
Романовский-Гимза тәсілімен боялған препараттардан жасуша
цитоплазмасынан түйіршіктерді байқауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет