салмақтары 92, 66, 50, 45, 34, 30, 26, 20 және 14 кД болатын белок
фракциялары айқындалды. Жүргізілген зерттеу нәтижелерін
қорытындылай келе вирустың екі серотипіне ортақ молекулалық
салмақтары 66, 45, 34, 30, 26, 20 және 14 кД-ды құрайтын жеті белок
фракцияларының болатындығы дәлелденді.
Аусыл вирусы иодоформға, аммони ерітінділеріне, гипохлорит,
фенолға төзімді, салқын және рН-ы нейтралды орталарда ұзақ
сақталады, ал рН 6 ортада белсенділігі тез жойыла бастайды.
Қоздырғыш сыртқы ортаға аурудың клиникалық белгілерінің
көрінуіне 3-4 күн қалғаннан бастап ауа, сілекей, нәжіс, зәр, сүт және
спермалары арқылы тарайды. Аурудан сауыққан және вакцина егілген
малдардың жұтқыншағы мен мұрын қуысының қосылған жерінде вирус
9 айдан (қойларда) 2,5 жылға (ірі қара малдарда) дейін сақталады.
Аурудың жасырын кезеңі 2 тәуліктен 14 тәулікке дейін созылады.
Аусыл ауруын балау эпизоотологиялық деректерге, клиникалық
белгілеріне, патологоанатомиялық өзгерістеріне, вирустарды бөліп алуға
және биологиялық сынама қоюға негізделген. Ал олардың типтерін, тип
тармақтарын анықтауда комплементті байланыстыру, вирустарды
бейтараптау, полимеразалық тізбекті реакциялары және иммунды
ферменттік талдау тәсілдері қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: