дайындалған суспензияны егеді. 3-4 бас жұқтырылмаған ақ тышқан
бақылау ретінде алынады. Барлық жұқтырылған және жұқтырылмаған
ақ тышқандарды анасымен бірге бір апта бойы бөлек ұстайды. Оң
нәтиже көрсеткен жағдайда жануарлар жартылай немесе толық
салданып, 2-5 күндері өледі. Тышқандардың өлексесін қолданғанға
дейін қатырады немесе келесі ақ тышқандарға қайта жұқтырады. Өлген
тышқандардың бұлшық еттерінен КБР қоюға қажетті антиген
дайындайды. Тәжірибе аяқталғаннан кейін аналық және бақылаудағы
тышқандарды жойып, олардың тұрған жерлерін мен азық қалдықтарын
дезинфектанттармен залалсыздандырады.
Вирусы бар материалдың 0,2-0,5 мл мөлшерін 5 бас теңіз
шошқаларының
артқы аяқтарының плантарлы беткейіне
(интрадермальды) егеді. Жұқтырғаннан кейін алғашқы зақымдалулар 2-5
күндері байқала бастайды. Патологиялық материалдардан дайындалған
вирусы бар материалдарды теңіз шошқаларына бір неше рет пассаж
жасағаннан кейін ғана клиникалық белгілері (афталар) айқын байқалады.
Аусыл вирусының типі мен варианттарын анықтау үшін
патологиялық материалдардан КБР-на қажетті антиген дайындайды. Ол
үшін афталар қабырғаларын физиологиялық ерітіндімен шаю арқылы
консервілегіш заттардан тазартып, сүзгіш қағазда кептіріп, қайшымен
ұсақтағаннан кейін фарфорлы ыдыста ұнтақтайды. Ұнтақталған үлгіге
рН 7,4-7,6 болатын физиологиялық ерітіндіні қосу арқылы дайындалған
33%-ды суспензияны 2 сағат бойы бөлме температурасында
араластырып, –10–20ºС 5-18 сағатқа қатырады. Ерітілген суспензияны 3-
5 мың айналымда 30 минут центрифугада тұндырып, тұнба
сұйықтығының 1-2 мл-ін зертханалық жануарларға биосынама қою үшін
құйып алады. Қалған сұйықтықты 40 минут бойы +58ºС температурада
инактивациялап, КБР-ында антиген ретінде пайдаланады.
Вирустардың идентификациясында
иммунды ферменттік талдау
және комплементті байланыстыру реакциясы қолданылады.
Серологиялық балауда
Қазақстан Республикасы Ұлттық
биотехнология орталығы иммунохимия және иммунобиотехнология
зертханасының мамандары моноклоналды антиденелер негізінде
әзірлеген иммунды ферменттік талдаудың жанама қойылымы мен
вирустарды бейтараптау реакциясы пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: