Патологоанатомиялық өзгерістер
клиникалық белгілерінің пайда
болуына, жануарларды түрлеріне, аурудың ағымы мен ұзақтығына,
сонымен қатар аурудың асқынуына немесе аралас инфекцияның
болуына байланысты болады. Өлексе жүдеу, сусызданған, жүндері
тікірейген, терісі әр түрлі сатыдағы экзантемаға ұшыраған. Ауыз,
мұрын, трахея, үлкен қарын, ұлтабар кілегей қабықтарында, қынабы мен
ұрық бездерінде, желін үрпілерінде эрозия мен жаралар байқалады.
Өкпесінің беткейінде лимфа бездеріне ұқсас көптеген сұрғылт-ақ түсті
ошақтар, жиі жағдайда крупозды пневмония мен гангренаға ұшыраған
бөліктері байқалады. Лимфа бездері ұлғайған, гипрермияланған,
серозды қабықшалары ісініп, қанталаған. Бауыры, жүрегі мен
бүйректерінің паренхиматозды дегенерацияланғандығын көруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |