Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет254/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Клиникалық белгілері.
Аурудың жасырын кезеңі қойлар мен
ешкілерде – 8-21 тәулікке (орта есеппен 12 күн), шошқаларда – 10-14
тәулікке, құстарда – 15-20 тәулікке дейін созылады. Қойлар мен
ешкілерде ауру субклиникалық, папулезді-везикулярлы (жарақаттары
бір-біріне қосылған) және нодулярлы (геморрагиялық немесе қара
шешек) түрде өтеді. Бұл жағдайда малдар жүдейді, анарексия болады,
дене қызуы 41-42ºС-ге дейін көтеріледі. Қабақтары ісінеді,
конъюнктивит, жарықтан қорқады, көздерінен жас ағады, танауларынан
серозды-кілегейлі сұйықтық ағады, тыныс алуы қиындайды. Шешекке
тән бөртпе ошақтары қызарып, 1-4 күннен кейін жүні аз жерлерінің
терісінде (енінде, желінінде, ерінінде, тұмсығында, көз айналасында,
құрсағы мен аяқтарының ішкі беткейлерінде) жақсы байқала бастайды.
1-2 күннен соң қызарған бөртпелер дөңгеленген, тығыз папулаларға
айналады. Кейбір жануарларда папулалар некрозға ұшырап, құрғап,
қабыршаққа айналып, 3-6 күннен кейін түсіп қалады. Түсіп қалған
қабыршақтарының орындары ашық қызыл немесе қызғылт түсті болып
тыртықтанады. Шешекке шалдыққан жануарлардың шамамен 15-25%-
ында патологиялық процесс созылып, 3-5 тәуліктен кейін папулалар
везикулаларға айналады. Шешек бөртпелері қатты қышып,
патологиялық процесс терінің басқа жеріне жайыла бастайды.
Везикулалар мен пустулалар бір-бірімен қосылып, үлкен іріңді
жарақатқа айналады. Аурудың бұл ағымдарында дене қызуы қатты
көтеріледі, жағдайы қиындап, малдардың көпшілігі өлімге ұшырайды.
Терілерінде терең жарақаттанған жағдайда қан тамырлары зақымдалып,
сау терілері, кілегей қабықшалары, папулалар, везикулалар мен
пустулалар қанталайды. Бөртпелер беттері қабынып, іріңді экссудат
жиналып, беттері қараяды (геморрагиялық түрі). Бұл жағдайда
мұрындарынан, тістің қызыл иегінен қан ағады, қан аралас іші өтеді.
Малдар тез әлсірейді, дене қызуы қатты көтеріледі, организм уланады,
жүдеп, өледі. Аурудың абортивті түрінде малдардың өлімге ұшырауы 2-
5%-дан аспайды, ал геморрагиялық немесе қара шешек түрінде
185


жануарлардың өлімі 70-100%-ға дейін жетеді. Ешкілерде бөртпелер
негізінен желін терісінде болады, ал лақтарда ауыз және мұрын
қуыстарының кілегейлі қабықтары зақымдалады. 
Шошқаларда везикулалар өте сирек пайда болады. Оларда
папулалар бірден пустулаға ауысады. Сарғылт-сұр түсті пустуланың іші
іріңді затқа (некрозға ұшыраған ұлпаларға) толы болады, кейде олар бір-
бірімен қосылып, диаметрі 2,5 см-ге дейін жетеді. 
Шешекке шалдыққан құстардың жалпы күйі нашарлайды,
әлсірейді, жұмыртқалау қабілеті күрт төмендейді. Ауру ағымы
дифтериялық, терілік және трахеальды формада өтеді. Дифтериялық
формада – ауыз және мұрын қуыстарының, көздің кілегей қабықшалары
зақымдалады. Терілік формада – айдары мен сырғасында, ауыз
бұрыштарында, қабағында, желкесінде, аяқтары мен клоака
айналасында бозғылт-сары түсті дақтар пайда болады. Кейінірек ондай
дақтар қою қызыл түсті қатты қабыршыққа айналады. Бір-біріне жақын
орналасқан шешек бөртпелері қосылып кетеді. Трахеальды формада –
қабынулар трахеяның жоғарғы бөлігінде байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   250   251   252   253   254   255   256   257   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет