Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет256/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Дифференциалдық балауы.
 
Шешек ауруын аусылдан,
везикулярлы стоматиттен, қой мен ешкілердің контагиозды
эктимасынан, қойлардың катаральды қызбасынан, ұсақ малдар обасы
мен жұқпалы емес экзема этиологиясынан; құстардың инфекциялық
ларинготрахеитінен, пастерелезінен, аспергиллезі мен респираторлы
микоплазмозынан; шошқалардың везикулярлы ауруы мен везикулярлы
экзантемасынан, энзоотиялық бронхопневмониясынан, қышымадан
ажырату қажет.
Зертханалық балауы.
Шешек вирусын бөліп алуға және
идентификациялауға қажетті материал
ретінде теріде пайда болған
бөртпелері, өкпенің зақымданған ошақтары мен қан сарысулары
алынады.
Микроскопиялық зерттеу
жүргізу үшін жаңадан пайда болған
папулаларды алғаннан кейін кесіндінің ішкі жағынан зат шыныларына
жағынды жасап, бекітіп, М.А. Морозов әдісімен бояйды. Боялған
186


жағындыны микроскоппен қарау нәтижесінде ұсақ, коккалардың таза
өсінділері тәрізді – элементарлы денешіктерді көруге болады.
Жағындыларды М.А. Морозов әдісімен бояуда 3 түрлі ерітінді
қолданылады.
№1 ерітенді (Руге сұйықтығы): 1 мл сірке қышқылының
концентраты, 2 мл формальдегидтің 40%-ды ерітіндісі және 100 мл
дистилденген су.
№2 ерітінді: 5 г таза танинді 100 мл дистилденген суда ерітіп, оған
1 мл карбол қышқылын (фенол) қосады. 
№3 ерітінді (аммиакты күміс ерітіндісі): 5 г азот қышқылды күмісті
1 мл дистилденген араластырады. Оның 10:1 бөлігін алып тастайды да,
қалғанына 25%-ды аммиак ерітіндісін тамызу арқылы қосады.
Бастапқыда қара түсті сұйықтықтың түсі аздап лайланғанға дейін
тамызады. Сұйықтық мөлдірленіп кеткен жағдайда оған азот қышқылды
күмісті қайта тамшылату арқылы қосады. Дайын болған ерітіндіні 1:10
қатынасында дистилденген сумен араластырғаннан кейін препараттарды
бояуда пайдаланады.
М.А. Морозов бойынша бояу тәсілі:
 
жағындыны №1 ерітіндімен 3-5
минут өңдеп, дистилденген сумен шайғаннан кейін №2 ерітіндіні
тамызғаннан кейін 1-2 минут бойы аздап қыздырады (бу пайда болғанға
дейін) да, дистилденген сумен қайтара жақсылап шаяды. Сонан соң №3
ерітіндімен жағынды қою-қоңыр түске боялғанға дейін аздап (1-2 мин)
қыздырады да, дистилденген сумен шайып, ауада кептіреді.
Иммерсиялы май тамызып микроскоппен зерттеу барысында сары түсті
аяда ұсақ дөңгеленген немесе сопақша келген қою-қоңыр түсті
денешіктер көрінеді. Денешіктер топтасып, қатарласып немесе
диффузиялық массаларды түзіп орналасады. Осы денешіктер шешек
вирустары болып табылады.
Биосынама
әрдайым табиғи сезімтал жануарлар мен сол
жануарлардан алынған тұрақты жасуша өсінділерінде қойылады. Шешек
вакцинасы вирусы, сиыр мен жылқы шешегінің вирустарына қояндар
сезімтал, ал тауық эмбриондары болса, тауық шешегі вирусымен қатар
шешек вакцинасына, сиыр шешегі мен көгершін шешегінің вирустарына
да сезімтал келеді. Барлық шешек вирустары дермотропты, сондықтан
оларды тері ішіне немесе скарификацияланған тері беткейіне, сонымен
қатар тауық эмбриондарының хорионаллантоисты қабықшасына
жұқтырады. 
Әтештердің скарификацияланған айдарына, қауырсын
фолликулаларына жұқтыруға болады. Ол үшін құстың айдарының бетіне
иньекциялық иненің немесе сынған Пастер түтігінің көмегімен сызат
жасап вирустық материалды жұқтырады. Әтеш сирағының
қауырсындарын жұлып, жалаңаштанған фолликулаларға вирус
суспензиясын тампонмен немесе щеткамен жағады.
187


Жұқтырылған материал құрамында вирус болған жағдайда
тауықтардың айдарында шешекке тән бөртпелер 5-7-тәулік аралығында,
ал сирағында фолликулиттер пайда болады. 
Шешек вирусының индикациясы мен серологиялық
идентификациясында
 
иммунофлюоресценция,
диффузиялық
преципитация реакциялары және иммунды ферменттік талдау тәсілдері
қолданылады.
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   252   253   254   255   256   257   258   259   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет