Микробиологиялыќ зертхана



Pdf көрінісі
бет249/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Клиникалық белгілері.
Жануарлардың ауыз қуысының кілегейлі
қабықтарында қызыл дақтар (папулалар) пайда болады да, бір тәуліктен
соң әртүрлі көлемдегі везикулаларға (бастапқы кезде сарғыш мөлдір,
кейіннен лайланған сұйықтықтарға толған күлдіреуіктерге) айналады.
Біраз уақыттан кейін везикулалар жарылып, ашық-қызыл түсті
жарақатқа айналады. Везикулалардың пайда болуымен қатар
жануарлардың жалпы күйі нашарлайды, азыққа тәбеті төмендейді, дене
қызуы 41-42ºС-ге дейін көтеріледі. Везикулалар жарылғаннан кейін
малдың дене қызуы тұрақтанады. Ауыз қуысының кілегейлі қабықтары
зақымданған жағдайда ауызынан сілекейі ағады, еріндерін түйістіріп
алады, ал аяқтары зақымданған жануарлар ақсайды. Жылқылардың тілі
мен ерінінің беткейінде, танауында, ауыз қуысы мен қызыл иегінде,
конъюнктивасында, шошқалардың тұмсығында везикулалар мен
эрозиялар пайда болады. Аналық малдардың желінінің әр үрпілеріндегі
2-3 везикулалар жарылғаннан кейін бірігіп, үлкен жараға айналады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   245   246   247   248   249   250   251   252   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет