Микробиологиялыќ зертхана


Микроорганизмдердің көлемін анықтау



Pdf көрінісі
бет26/277
Дата12.03.2022
өлшемі6,39 Mb.
#135374
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   277
Байланысты:
сабақ түсіндірген бойынша

Микроорганизмдердің көлемін анықтау.
Халықаралық бірліктер
жүйесі бойынша (СИ), микробтардың өлшем бірлігі ретінде микрометр
(мкм) бекітілген. 1 мкм 10
-6
метрге тең. Жасушаны объектілі және
окулярлы микрометрлердің көмегімен өлшейді.
Объектілі микрометр.
Бұл – 100 бөлшекке бөлінген 1 мм сызғышы
бар зат шынысы. Әр бөлік 10
-5
метрге немесе 100 мкм-ге тең. Объектілі
микрометр окулярлы микрометрдің бір бөлігінің мөлшерін анықтау
үшін қолданылады.
Окулярлы микрометр
шкаласы бар дөңгелек табақтың пішініндей
болады. Шкаланың ұзындығы 5 мм. Ол 50 бөліктен тұрады. Окулярлы
микрометр тікелей объектілердің (микробтардың) мөлшерлерін
анықтайды. Оны окулярдың линзаларының ортасына бөліктерімен
төмен қарата орналастырады. Ол үшін көз линзасы бұралып алынады.
Объективті микрометрді зат үстелінің үстіне орналастырады да,
фокусты тауып, микрометрлердің шкалаларын бір-біріне сайма сай
келтіреді. Иммерсионды жүйемен істегенде объективті микрометрге бал
қарағайдың майын тамызады.
Окулярлы микрометрдің бір бөлігінің мөлшерін анықтау.
Мысал:
объектілі микрометрдің 5 бөлігі окулярлы микроскоптың 30 бөлігімен
сайма сай келеді. Окулярлы микрометрдің бір бөлігінің мөлшері 1,66
мкм-ге тең болады (5х10= 50 және 50:30).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   277




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет