Мукордан препаратты бір тәуліктік өсіндіден, ал пеницилладан екі
тәуліктік өсіндіден дайындайды. Зерттеуге мукор мен аспергилланың
өсінділерінен сұр бүршіктері, пеницилланың сүр және жасыл
шеңберлерінің ортасы алынады. Сұр конидиялары бар аспергилланың
стеригмалары күнбағыстың жапырақшалары тәрізді болады. Мукорды
микроскоптың аз ұлғайтуымен (объектив х8) қарайды, аспергилланың
конидия сақтаушысының ұлғайған жерін әуелі микроскоптың аз
ұлғайтуымен (объектив х8), сосын оны орташа ұлғайтумен (объектив
х40) жақсылап зерттейді. Пенициллаларды микроскоптың орташа
ұлғайтуымен (объектив х40) табады. Зең саңырауқұлақтардың
споралары арқылы көбейетінін есте ұстаған жөн. Соңдықтан препарат
дайындағанда материалдың шашырауының алдын алу керек. Препарат
инелері жұмыс аяғында жалын үстінде мұқият зарарсыздандырады.
Достарыңызбен бөлісу: