«билетсіз» - проблемасы - қоғам осы
игіліктермен, ешқандай шығындар әкелмей-ақ пайдаланады, яғни
қоғамдық игіліктер ӛндірісін қаржыландырмайды.
13.2 Сыртқы әсерлер теориясы. Сыртқы әсерлер реттеудегі мемлекеттің ролі Сыртқы әсерлер (экстерналия) - бүл бағада кӛрініс
таппаған нарықтық мәмілелерден алынған шығындар немесе
пайда. Олар «сыртқы» деп аталады, ӛйткені тек экономикалық
агенттердің аталған операцияға қатысушыларына ғана емес,
алайда үшінші тұлғаларға да қатысты (13.1 -сурет).
Оң және теріс сыртқы әсерлерді ажыратады.
Теріс сыртқы әсерлер (келеңсіз экстерналия) - бұл мәмілеге
қатысушы экономикалық субъектілердің үшінші тұлғаларға
келеңсіз әсер етуі, бұл ӛнім бағасында кӛрсетілмеген
пайдаланылған ресурстардың құны.
Теріс сыртқы әсерлер туралы сӛз болғанда, онда қоршаған
ортаны ластау түрінде қоғамға кәсіпорындардың келтірген
шығындарын айтуға болады.
Теріс сыртқы әсерлер қоғамдық (әлеуметтік) және жеке
шығындар арасындағы айырмашылықты кӛрсетеді.
MSC = МРС+ МЕС
мұнда MSC - бұл шекті қоғамдық шығындар;
МРС - бұл шекті жеке шығындар;
МЕС - бұл шекті сыртқы шығындар.
Қоршаған ортаны ластаған кәсіпорын шекті сыртқы
шығындар (МЕС - Marginal External Cost) шамасына қаражатты
үнемдей отырып, тек қана жеке шығындарғы (МРС - Marginal
Private Cost) ұшырайды.
133
13.1-сурет - Сыртқы эффектілер табиғаты
13.2-сурет - Теріс сыртқы эффектілер
Ӛндірістің тиімді кӛлемі 13.2-суретген кӛрініп тұрғандай
МБС және D қиылысуында болады, бұл ретте саланы ӛндірістің
тиімді кӛлемі Q* құрайды, ал накты алғанда ӛндіріс кӛлемі Q
ф
-
ке тең. Сондықтан қоршаған ортаны ластау кезінде қоғам үшін