Микроэкономика


 АСИММЕТРИЯЛЫҚ АҚПАРАТ РЫНОГЫ



Pdf көрінісі
бет93/97
Дата06.04.2022
өлшемі3,68 Mb.
#138080
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97
Байланысты:
Koshebaeva (1)

14 АСИММЕТРИЯЛЫҚ АҚПАРАТ РЫНОГЫ 
14.1 Сапаның белгісіздігі. «Лимондар» рыногы 
Шынайы ақпарат рыногымен қатар асимметриялық ақпарат 
рыногы болады. 
Асимметриялық ақпарат
 
- нарықтық мәмілеге 
қатысушылардың бір бӛлігіне ақпарат таратады, ал басқа 
бӛліміне - таратпайтын кездегі жағдай.
Асимметриялық ақпарат рыногы қатарына жатады: 
1)
ұсталған автомобильдер қатары; 
2)
сақтандыру рыногы; 
3)
несие рыногы; 
4)
еңбек рыногы; 
5)
үй малдарының рыногы; 
6)
ӛнімдер рыногы және т.б. 
Рынок табысы баға қажетті ақпаратты қаншалықты дәл кайта 
сататындығына байланысты болады. Анық ақпарат болуы 
табысқа кепілдік бермейді, бірақ оның жетістігін айтарлықтай 
жеңілдетеді, бар ресурстарды оңтайлы бӛлуге үйлестіру 
тиімділігіне мүмкіндік тугызады. Алайда нақты шындық нақты 
суреттен алыс. Нарық қатынастарының субъектілері күн сайын 
нарық ақпаратымен кездесіп қалады. 
Дж.А.Акерлоф бірінші рет сапаның белгісіздік проблемасын 
ұсталған автомобильдер рыногы мысалында қарастырды. 
Ұсталған автомобильдер рыногында сапасы: орташадан жоғары - 
жақсы - және орташадан тӛмен - жаман («лимондар»), екі 
категориялы машиналар сатылады. Бірінші категорияның бағасы 
сатушылар үшін - 3000 доллар және сатып алушылар үшін - 3600 
долл. Екінші категорияның бағасы тиісінше 1000 және 1200 долл. 
Егер екі категория да бірдей мӛлшерде болса, онда 
автомобильдің орташа бағасы 2000 долларға тең және сатып 
алушылар үшін 2400 болады. Жақсы автомобиль сатып алу 
ықтималдығы - 50 
%.
Алайда сатушылар ӛздерінің 
автомобильдерінің сапасын біледі, ал сатып алушылар білмейді. 
Жақсы машиналардың иелері үшін 2000 доллар, баға әдейі 
залалды болып табылады, сондықтан ол қолайсыз. Керісінше, бұл 
баға «лимондардың» иелері үшін бұл баға олардың ең қуанышты 


137 
күтулерінен артық болады. Асимметриялық ақпарат жағдайында 
ұсталған машиналар рыногы маңызды деформацияға ұшырайды. 
Жақсы автомобильдердің ұтымды сатушылары ӛздеріне зиян 
келтіретін сатудан бас тартады. Олардың ұсынысы қысқарады. 
Нашар машиналардьң ұсынысы ӛседі. Жақсы машиналарды 
сатып алу ықтималдығы 0-ге дейін тӛмендейді. Ең аяғында, 
рынокта тек «лимондар» гана қалады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   97




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет