Үшінші бақылаудың соңы (4)
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №4 (4)
1. Бәсекелес фирманың орташа шығындары AC=40 + 2Q. Фирманың шығару көлемі қалай өзгереді, егер өнімнің бағасы бір дана үшін 200 а.б.-нен 100 а.б.-не дейін төмендесе?
A) 35 бірлікке төмендейді;
B) 4 бірлікке өседі;
C) өзгермейді;
D) 25 бірлікке төмендейді;
E) бұны анықтау мүмкін емес.
2. Бәсекелес фирманың өнім бағасы 8-ге тең. Фирманың шығындары 15 + Q2. Қандай шығару көлемінде фирма пайда табады?
А) (3; 5].
В) (0; 3) U (3; 5);
С) ( 0; 3) U [5; + ∞ );
D) [5; + ∞ );
Е) (3; 5);
3. Жетілген бәсеке жағдайында “қашу” (жабылу) нүктесі деп баға ненің ең кіші нүктесіне тең болатын өндіріс көлемін атаймыз?
А) орташа жалпы шығынның;
В) орташа айнымалы шығынның;
С) шекті шығынның;
D) орташа тұрақты шығынның;
Е) орташа жалпы шығынның.
4. Көптеген елдердегі монополияға қарсы заңдылықтар ең алдымен мына жағдайды қамтамасыз етуге бағытталған:
А) толық жұмыс бастылықты;
В) экономикалық еркіндікті;
С) бәсекеге жағдай жасауды;
D) қоғамдық тауарлар мен қызметтерді тұтынуға;
Е) экономикалық өсуді.
5. MR = MC теңдігі нарықтың қай түрінде оңтайлы өнім көлемін анықтау үшін пайдаланылады:
A) монополиялық бәсекеде;
B) монополияда;
C) олигополияда;
D) бәсекенің кез-келген түрінде;
E) бұл теңдіктің оңтайлы көлемге қатысы жоқ.
6. Егер өнімнің бағасы орташа шығындардан төмен болса, онда фирма:
A) тездетіп осы өнімді өндіруді тоқтату керек;
B) өндіруді жалғастыру қажет (р=MC және p>AVC болғанда);
C) жаңа технологияны таңдап алу керек;
D) керексіз шығындарды доғару керек
Е) пайданы максималдау керек.
7. Қысқа мерзім кезеңінде кәсіпорын 50 бірлік өнім өндіреді. Орташа өзгермелі шығындар 2 долларды құрайды, орташа тұрақты шығындар – 0,5 долларды құрайды. Кәсіпорынның жалпы шығындары :
А) 2,5 доллар;
В) 1250 доллар;
С) 750 доллар;
D) 125 доллар;
Е) берілген мәліметтер бойынша анықтауаға болмайды.
8. Әртүрлі баға бойынша Әртүрлі сатып алушыларға бірдей өнімнің әртүрлі бағамен сатылуы - бұл:
А) ғылыми - техникалық сайыс;
В) бағалы алалау;
С) бағалы емес дискриминация;
D) өнеркәсіптік - өндірістік сайыс;
Е) бағалы бәсеке.
9. 585.1. Олигополия теориясының негізін салушы:
А) К. Маркс;
В) В. Ленин
С) В. Леонтьев;
D) О. Курно;
Е) Дж. М. Кейнс.
10 барынша көп түсіруге қандай субъекті мүдделі?
А) фирмаға;
В) тұтынушыға;
С) жеке кәсіпкерге;
D) А және В жауаптары дұрыс;
Е) А және С жауаптары дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |