Бірінші бақылаудың соңы (9)
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №2 (9)
1. Төменде шекті пайдалылықтың мәндері көрсетілген. Осы жағдайлардың қайсысы шекті пайдалылықтың кему заңын сипаттайды:
А) 200, 300, 400, 500;
В) 200, 150, 100, 500;
С) 200, 500, 1700, 9700;
D) 200, 500, 600, 690;
Е) 200, 150, 50, 0.
2. Осы суретте көрсетілген бюджет сызығының жылжуы немен байланысты?
У
Х
А) х – тауардың бағасы төмендеді;
В) у – тауардың бағасы төмендеді;
С) х – тауардың бағасы жоғарлады;
D) у – тауардың бағасы жоғарлады;
Е) баға өзгеріссіз қалды.
3. Бюджет сызығы өз жағдайын өзгертпейді, егер:
А) Х тауардың бағасы Ү тауар бағасының төмендеу пайызына дейін төмендесе;
В) Х тауардың бағасы Ү тауар бағасының төмендеу пайызына дейін өссе;
С) баға мен табыс бірдей қатынаста өзгерсе;
D) баға төмендеп, ал табыс сол қатынаста өссе;
Е) табыс өсіп, ал баға өзгеріссіз қалса.
4. ”Баға -тұтыну” қисығы төменде айтылғандардың қайсысын сипаттайды:
A) бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылар табысының өзгеруін;
B) тауарлардың бағасының өзгеруіне байланысты тұтынушылар талмағы қалай өзгеретінін;
C) табыс өзгеруіне байланысты тұтынушылар талғымының өзгеруін.
D) дұрыс жауап табу мүмкін емес;
E) ол әр түрлі жағдайға байланысты болады.
5. Алмастың бағасы су бағасынан жоғары, себебі:
А) алмастың жалпы пайдалылығы судың жалпы пайдалылығынан жоғары;
В) судың жалпы пайдалылығы алмастың жалпы пайдалылығынан жоғары;
С) берілген тұтыну көлемі жағдайында алмастың шекті пайдалылығы судың шекті пайдалылығынан жоғары;
D) сатып алушылар алмас үшін ақшаны көбірек төлеуге дайын;
Е) алмас судан қымбат.
6. Бюджеттік сызықтың көлбеулігі қалай анықталады?
A) тұтынатын тауарлардың көлемі арқылы
B) тұтынушының тепе – теңдік нүктесіндегі шекті тауардың арақатынасы арқылы
C) тауар көлемі мен бағаның арақатынасы арқылы;
D) тек қана баға арқылы;
Е) дұрыс жауап жоқ.
7. Транзитивтік заңдылық бойынша тұтынушы А тауар жиынтығын В тауар жиынтығынан, ал В тауар жиынтығын С тауар жиынтығынан артық көрсе:
А) А тауар жиынтығын С тауар жиынтығынан артық көреді;
В) С тауар жиынтығын А тауар жиынтығынан артық көреді;
С) А және С тауар жиынтықтарының айырмашылығы жоқ;
D) А тауар жиынтығын В тауар жиынтығынан артық көреді;
Е) В тауар жиынтығын С тауар жиынтығынан артық көреді.
8. Төмендегі суретте тұтынушының бюджет сызығы корсетiлген. Тұтынушының табысы 300 а.б. құрайды. Ү тауарының бағасын табыңыз
Y
20
0 X
А) 20;
В) 15;
С) 40;
D) 25;
Е) 30.
9. Талғамсыздық қисығында мынадай қасиет болмайды:
А) Неғұрлым жоғары жатқан талғамсыздық қисығы пайдалылықты соғұрлым көп әкеледi;
В) Ол терiс көлбеу болып келедi;
С) Олар қиылыспайды;
D) Талғамсыздық қисығы солдан оңға жылжыған сайын жазыңқы бола түседi;
Е) Дұрыс жауап жоқ
10. Пайдалылықты ең жоғары дңгейге көтерудің шарты:
MUА MUА
А) -------- = -----------
РА РА
MUА MUА
В) -------- = -----------
РВ РА
MUА MUВ
С) -------- = -----------
РА РВ
MUА MUА
D) -------- = -----------
РВ РВ
MUВ MUА
Е) -------- = -----------
РА РВ
Достарыңызбен бөлісу: |