Микроэкономикадан межелік бақылаудың соңы (8)
НҰСҚА №9
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №1 (9)
1. Егер қоғамда өндірістік ресурстар көлемі артса, онда:
А) қызмет көрсету және тауарларды өндіру көлемі ұлғаяды;
В) экономика қызметті көрсету және тауарларды көп мөлшерде өндірілуі мүмкін;
С) өндіру технологиясы жақсарады;
D) стандартты өмір сүру деңгейі жоғарлайды;
Е) тауарларды өндіру шығындары төмендейді.
2. Мектептің қарсы алдында тұрған дүңгіршіктегі балмұздақтың бағасы мынадай жағдайда төмендеуі мүмкін (қалған шарттар бірдей болған жағдайда):
А) көрші мектептің оқушылары уақытша осы мектепте оқыса;
В) ауа-райының күрт ысып кетуіне байланысты балмұздақ сатушы сатылатын балмұздақ санын екі есе көбейтсе;
С) алдағы күндерде күн ыстық болады деп күтіліп, сатушы балмұздақты бұрынғыдан 3 есе артық алдырғанымен, күтілген ыстық болмай, күн жауын-шашынды болса;
D) оқушыларға сабақты жақсы оқығандары үшін сыйақы берсе;
Е) С)және D) жауаптары дұрыс.
3. Аталған жағдайлардың қайсысында сұраныс көлемінің өзгерісі туралы сөз болып отыр:
А) жолда жүру кезінде көліктердің жылдамдығын шектеудің нәтижесінде мұнайға сұраныс (сұраныс көлемі) өзгерді;
В) 70 жылдарда ОПЕК елдері мұнайға бағаны көтергенде, мұнай сұранысы (сұраныс көлемі) төмендеді;
С) күтілген инфляция мұнайға сұранысты (сұраныс көлемін) өсірді;
D) Иран – Ирак соғысының нәтижесінде мұнайды қайта өңдейтін фирмалардың арасында дүрбелең болып, мұнайға сұраныс (сұраныс көлемі) өсіп баға күрт жоғарлады;
Е) дұрыс жауап А) және С).
4. Егер бағалар деңгейі нарықтық бағадан төмен болса, онда:
A) жағдай өзгеріссіз қалады;
B) ұсыныс артықшылығы пайда болады;
C) ұсыныс өзгереді;
D) сұраныс өзгереді;
Е) нарықта жетіспеушілік пайда болады.
5. Сұраныс қисығының қозғалысы мынадай кезде болады:
А) тауарға мода болса;
В) тұтынушылардың күтуіне байланысты
С) тауардың санына байланысты;
D) халықтың табысына байланысты;
Е). барлық жауаптар дұрыс.
6. Технологиялардың жетілуі:
А) сұраныс қисығын жоғары және оңға жылжытады;
В) сұраныс қисығын төмен және оңға жылжытады;
С) ұсыныс қисығын төмен және оңға жылжытады;
D) ұсыныс қисығын жоғары және солға жылжытады;
Е) жұрыс жауап берілмеген.
7. Сұраныстың бағадан тыс факторларына жататындар:
А) берілген тауарды алмастыратын және толықтыратын тауарлардың бағасы;
B) тауардың бағасы;
C) табыс көлемі;
D) А және С жауаптары дұрыс;
Е) бәрі де дұрыс емес.
8. Егер тауардың бағасы 4,5 ақша бірлігінен 6 ақша бірлігіне дейін өссе, ал сұраныс көлемі 3000 бірліктен 300 бірлікке дейін төмендесе, онда сұраныстыың икемділік сызығының коэффициенті нешеге тең?
А) 3,00;
В) 2,13;
С) 0,37;
D) 2,7;
Е) 1,5.
9. Сұраныс пен ұсыныстың функциясы берілген: QD = 11 – P (сұраныс функциясы), QS = 2P – 7 (ұсыныс функциясы). Тепе тең көлемді табыңыз:
А) 9;
В) 5
С) 6;
D) 8
Е) 1.
10. Ұсыныс икемділік коэфиценті келесі қатынас арқылы есептеледі:
А) сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
В) бағаның пайыздық өзгерісінің сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
С) бағаның пайыздық өзгерісінің ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
D) ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
Е) Ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен.
Достарыңызбен бөлісу: |