Микроэкономика


Үшінші бақылаудың соңы (9)



бет57/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Үшінші бақылаудың соңы (9)
Микроэкономикадан бақылау жұмысы №4 (9)

1. Қысқа мерзімді кезеңде фирманың пайданы максималдау немесе шығынды минималдау мақсатында тауарды өндірмегені дұрыс, егер:


А) баға минималды орташа шығындардан төмен болса;
В) баға орташа тұрақты шығындардан төмен болса;
С) минималды орташа шығындар шекті шығындардан аз болса;
D) баға минималды орташа айнымалы шығындардан төмен болса;
Е) баға орташа жалпы тұрақты шығындардан төмен болса.

2. Бәсекелес фирманың өнім бағасы 8-ге тең. Фирманың шығындары 15 + Q2. Қандай шығару көлемде фирма шығынға түседі?


А) (0; 4) және (6; + ∞);
В) (0; 3) және (5; + ∞);
С) (0; 5) және (6; + ∞);
D) (0; 4) және (5; + ∞);
Е) (0; 2) және (1; + ∞).

3. Жетілген бәсеке нарығына жаңа тауар өндірушілер келсгенде;


А) баға өседі;
В) сұраныс азаяды;
С) сұраныс өседі;
D) баға азаяды;
Е) сұраныс мөлшері азаяды.

4. Шекті табыс нарықтық бағадан төмен болмайды:


А) монополиялық бәсекелестерде;
В) монополистерде;
С) жетілген бәсекелестерде;
D) жетілмеген бәсекелестерде;
Е) картельде қатыспаған олигополистерде.

5. Таза бәсеке жағдайында, жалпы экономикалық тепе-теңдiкке қажеттi талап бойынша:


А) барлық салалардағы шығынның мөлшерi алдын-ала белгiленген және ұсыныстың қисығы көлденең болып келуі керек;
В) экономика мемлекеттік реттелуі қажет;
С) барлық өнiмдер мен ресурстар нарығында, сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдiгі сақталуы тиіс;
D) барлық тұтынушылардың пайдалылығын ең жоғарғы деңегейге көтеру керек;
Е) барлық ресурстар шексiз болуы қажет.

6. Бәсекелес фирманың қысқа мерзімді ұсыныс қисығы нені көрсетеді:


A) пайданы максималдау үшін фирма әрбір баға мәнінде ұсынатын өнім көлемін;
B) шығындарды минималдау үшін фирма әрбір баға мәнінде ұсынатын өнім көлемін;
C) пайда алу үшін фирма әрбір баға мәнін сәйкес ұсынатын өнім көлемін;
D) экономиканың әртүрлі салалары арасындағы байланыстарды;
E) шекті пайдалылықтың кемуін.
7. Фирма ресурстарды пайдалануды 50%-ке арттырғанда өндіріс көлемі 50%-ке артатын болса, онда өндіріс ауқымының тиімділігі:
A) теріс;
B) оң;
C) тұрақты;
D) орташа;
E) шекті.
8. Қысқа мерзімді кезеңде пайдасын максимизациялаушы бәсекелес фирма өндірісін жалғастырмайды, егер:
A) өнім бағасы минималды орташа шығындардан төмен болса;
B) орташа тұрақты шығындар өнім бағасынан жоғары болса;
C) өнім бағасы орташа тұрақты шығындар минимумынан төмен болса;
D) өнім бағасы шекті шығындардан төмен болса;
E) жалпы табыс фирманың жалпы шығындарын өтемеген болса.
9. Бәсекелес фирманың орташа шығыны функция түрінде берілген;
AC=40+2Q.
Мұнда, Q  өнім көлемі.
Баға 200 теңгеден 100 теңгеге дейін төмендегенде өнім көлемі қалай өзгереді? (тауардың 1 данасының бағасы берілген).
A) 25;
B) -10;
C) 15;
D) 20;
E) -50.
10. Сатушылар нарықта тауарларды әртүрлі қасиеттері бойынша орналастырады (алмаларды - ірі, ұсақ, өте ұсақ түрлері бойынша) және сәкесінше оларға әр түрлі баға орнатады. Бұл мысалдың бағалы дискриминацияға қатысы қандай ?
А) тура;
В) жанама;
С) тура және жанама;
D) ешқандай қатысы жоқ;
Е) алмалардың сұраныс икемділігіне тәуелді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет