Микроэкономика


Бесінші бақылаудың соңы (9)



бет59/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Бесінші бақылаудың соңы (9)
Микроэкономикадан межелік бақылау жұмысы №1 (9)

1. Сұраныстың бағадан тыс факторларына жататындар:


А) берілген тауарды алмастыратын және толықтыратын тауарлардың бағасы;
B) тауардың бағасы;
C) табыс көлемі;
D) А және С жауаптары дұрыс;
Е) бәрі де дұрыс емес.

2. Егер тауардың бағасы 4,5 ақша бірлігінен 6 ақша бірлігіне дейін өссе, ал сұраныс көлемі 3000 бірліктен 300 бірлікке дейін төмендесе, онда сұраныстыың икемділік сызығының коэффициенті нешеге тең?


А) 3,00;
В) 2,13;
С) 0,37;
D) 2,7;
Е) 1,5.

3. Сұраныс пен ұсыныстың функциясы берілген: QD = 11 – P (сұраныс функциясы), QS = 2P – 7 (ұсыныс функциясы). Тепе тең көлемді табыңыз:


А) 9;
В) 5
С) 6;
D) 8
Е) 1.

4. Ұсыныс икемділік коэфиценті келесі қатынас арқылы есептеледі:


А) сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
В) бағаның пайыздық өзгерісінің сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
С) бағаның пайыздық өзгерісінің ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
D) ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасымен;
Е) Ұсыныс көлемінің пайыздық өзгерісінің сұраныс көлемінің пайыздық өзгерісіне қатынасымен.

5. Бюджет сызығы өз жағдайын өзгертпейді, егер:


А) Х тауардың бағасы Ү тауар бағасының төмендеу пайызына дейін төмендесе;
В) Х тауардың бағасы Ү тауар бағасының төмендеу пайызына дейін өссе;
С) баға мен табыс бірдей қатынаста өзгерсе;
D) баға төмендеп, ал табыс сол қатынаста өссе;
Е) табыс өсіп, ал баға өзгеріссіз қалса.

6. ”Баға -тұтыну” қисығы төменде айтылғандардың қайсысын сипаттайды:


A) бағаның өзгеруіне байланысты тұтынушылар табысының өзгеруін;
B) тауарлардың бағасының өзгеруіне байланысты тұтынушылар талмағы қалай өзгеретінін;
C) табыс өзгеруіне байланысты тұтынушылар талғымының өзгеруін.
D) дұрыс жауап табу мүмкін емес;
E) ол әр түрлі жағдайға байланысты болады.

7. Алмастың бағасы су бағасынан жоғары, себебі:


А) алмастың жалпы пайдалылығы судың жалпы пайдалылығынан жоғары;
В) судың жалпы пайдалылығы алмастың жалпы пайдалылығынан жоғары;
С) берілген тұтыну көлемі жағдайында алмастың шекті пайдалылығы судың шекті пайдалылығынан жоғары;
D) сатып алушылар алмас үшін ақшаны көбірек төлеуге дайын;
Е) алмас судан қымбат.

8. Бюджеттік сызықтың көлбеулігі қалай анықталады?


A) тұтынатын тауарлардың көлемі арқылы
B) тұтынушының тепе – теңдік нүктесіндегі шекті тауардың арақатынасы арқылы
C) тауар көлемі мен бағаның арақатынасы арқылы;
D) тек қана баға арқылы;
Е) дұрыс жауап жоқ.

9. Тұрақты және айнымалы шығындар ұғымы:


А) қысқа мерзімге қытысты;
В) ұзақ мерзімді кезеңге қатысты;
С) монополист фирмаға қатысты;
D) олигиполиялық салаға қатысты;
Е) жетілмеген бәсеке нарығына қатысты.

10. Кестенің мәліметтері бойынша МС (3) табыңыздар:





Q

ТС

0

50

1

90

2

120

3

150

4

200

5

270

А) 150;
В) 30;
С) 60;
D) 40;
Е) 50.

11. 1000 өнім бірлігін шығаруға кететін шығындар төменегі шығындардан тұрады:


- еңбек ақы – 20000 ақша бірілігі
- шикізат пен материалдар – 30000 ақша бірілігі
- ғимараттар мен құрылыстар – 250000 ақша бірілігі
- құрал – жабдықтар – 100000 ақша бірілігі
Барлық өнімдер 122,5 ақша бірлігі бағасы бойынша сатылды. Ғимараттар мен құрылыстардың амортизация мөлшері 5 %, құрал - жабдықтардың қызмет ету мерзімі орташа есеппен алғанда 5 жылға тең. Салық төлеуге дейін алынатын пайданы анықтаңыз.
А) 30000;
В) 4000;
С) 50000;
D) 40000;
Е) 0.

12. Өндіруші фирма өзінің қажеттілігін нәтижиесінде қажетті пайдалану мақсатпен не саты алады:


А) өнімділік;
В) шығын;
С) өндіріс;
D) рентабельдік;
Е) технология.

13. Қысқа мерзімді кезеңде фирманың пайданы максималдау немесе шығынды минималдау мақсатында тауарды өндірмегені дұрыс, егер:


А) баға минималды орташа шығындардан төмен болса;
В) баға орташа тұрақты шығындардан төмен болса;
С) минималды орташа шығындар шекті шығындардан аз болса;
D) баға минималды орташа айнымалы шығындардан төмен болса;
Е) баға орташа жалпы тұрақты шығындардан төмен болса.

14. Бәсекелес фирманың өнім бағасы 8-ге тең. Фирманың шығындары 15 + Q2. Қандай шығару көлемде фирма шығынға түседі?


А) (0; 4) және (6; + ∞);
В) (0; 3) және (5; + ∞);
С) (0; 5) және (6; + ∞);
D) (0; 4) және (5; + ∞);
Е) (0; 2) және (1; + ∞).

15. Жетілген бәсеке нарығына жаңа тауар өндірушілер келсгенде;


А) баға өседі;
В) сұраныс азаяды;
С) сұраныс өседі;
D) баға азаяды;
Е) сұраныс мөлшері азаяды.

16. Шекті табыс нарықтық бағадан төмен болмайды:


А) монополиялық бәсекелестерде;
В) монополистерде;
С) жетілген бәсекелестерде;
D) жетілмеген бәсекелестерде;
Е) картельде қатыспаған олигополистерде.

17. Дифференциалдық рентаның пайда болу себебі неде?


A) жерге монополиялық жеке меншік
B) әр жерде орналасқан және құнарлы жерлердің болуы
C) жердің шектеулілігі
D) жерге деген монополия шаруашылық объект ретінде
E) жерге деген дифференциалдық рента болмайды
18. Ресурстың тиімді пайдалану әдісі
A) MRPB) MRP>MRC
C) P=MC
D) MRP=MRC
E) MR=MC

19. Экономикалық рента – бұл:


А) кез-келген ресурстың бағасы;
В) табиғи ресурстың бағасы;
С) жердің бағасы;
D) сұранысы қатаң бақылаудағы ресурс бағасы;
Е) дұрыс жауап жоқ.

20. Жердің өндіріс фактор ретіндегі ұсыныс қисығы:


A) абцисса осіне ќараѓанда көлденен
B) абцисса осіне ќараѓанда тігіннен орналасќан
C) көлбеулігі теріс болады
D) көлбеулігі оң болады
E) 1-ші ширектің биссектрисасы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет