Микроэкономика


Бесінші бақылаудың соңы (10)



бет65/70
Дата15.09.2023
өлшемі1,41 Mb.
#181200
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70
Байланысты:
ef eiu mikro2 posobie kaz

Бесінші бақылаудың соңы (10)
Микроэкономикадан межелік бақылау жұмысы №1 (10)

1. Егер баға 31%-ке төмендеп, ал сұраныс көлемі өзгермесе, онда бұл сұраныс:


A) абсолютті икемсіз
B) икемсіз
C) абсолютті икемді
D) икемді
Е) бірлік икемдік.

2. Сұраныс қисығының өзгеруіне әсер етпейді:


А) тауарға мода болса;
В) халықтың санының өзгеруі;
С) тауардың бағасының өзгеруі;
D) халықтың табысының өзгеруі;
Е) субститут-тауардың бағасының өзгеруі.

3. Сұраныс пен ұсыныстың функциясы берілген: QD = 120 – 6P (сұраныс функциясы), QS = 5P - 1 (ұсыныс функциясы). Найдите равновесный объем.


А) 56;
В) 58;
С) 54;
D) 49;
E) 55.

4. Егер икемді сұраныс тауарының бағасы 15 ақша бірлігінен 13 ақша бірлігіне дейін төмендесе, онда табыс:


А) азаяды;
В) өседі;
С) өзгеріссіз қалады;
D) азаю да, өсуі де мүмкін;
Е) нақты жауап беру мүмкін емес.

5. Тұтынушы тауардың қосымша бірлігін тек баға төмендегенде ғана сатып ауға дайын екені төмендегі жағдайға байланысты:


А) алмастыру тиімділігіне;
В) шекті пайдалылықтың кему заңына;
С) табыс тиімділігнеі;
D) ұсыныс заңына;
Е) сұраныс заңына.

6. Раушанның апталық табысы 200 теңгеге тең делік. Раушан табысты нан мен сүтке жұмсайды. Бір бөлке нанның бағасы 20 тенге (Х), ал 1 литр сүттің бағасы 40 тенге (Ү) болған жағдайында бюджет сызығының теңдеуін жазыңыздар.


А) 2Х + 3Ү = 60;
В) 40Х + 20Ү = 200;
С) 5Х + 7Ү = 80;
D) Х= - 2Ү + 8;
Е) 2Х + Ү = 40.

7. .Алмастыру тиімділігі дегеніміз Х тауарының бағасы арзандап, ал табыс пен У тауарының бағасы өзгермеген уақыттағы:


A) тұтынушының арзандаған затты көбірек алып бағасы өзгермеген затты тұтынуын азайтуы немесе сол қалпы қалдыруы;
B) У тауарын Х тауарымен көбірек алмастыруы;
C) тұтынушының бағасы өзгермеген затты көбірек алуы;
D) жоғарыда айтылғандардың бәрі де дұрыс.
E) дұрыс жауап жоқ.

8. Талғамсыздық қисығында мынадай қасиет болмайды:


А) Неғұрлым жоғары жатқан талғамсыздық қисығы пайдалылықты соғұрлым көп әкеледi;
В) Ол оң көлбеу болып келедi;
С) Олар қиылыспайды;
D) Талғамсыздық қисығы солдан оңға жылжыған сайын жазыңқы бола түседi;
Е) Дұрыс жауап жоқ

9. Қысқа мерзім дегеніміз...


А) өндірістің барлық факторлары тұрақты болып саналатын мерзім;
В) өндірістің барлық факторлары айнымалы болып саналатын мерзім;
С) факторлардың бір бөлігі тұрақты, бір бөлігі айнымалы болып саналатын мерзім;
D) фирмалар салаға еркін кіретін мерзым;
Е) салада олигополисттердің саны жеткілікті.

10. Фирма қызметінің ұзақ мерзімді кезеңі дегеніміз...


А) құрал-жабдықтарды күрделі жөндеуден өткізу аралығы;
В) 10 жылдан астам уақыт;
С) өндірістік қуатты қосып есептегендегі өндіріске қажетті барлық қорларды ұлғайтуға кететін мерзім;
D) сатып алушылармен тиімді байланыс орнатуға және барлық өнімді өткізуге керек мерзім;
Е) бір жыл.

11. Орташа айнымалы шығындар функциясы мынадай: АVС =10 + 2Q. Шекті шығындар функциясының алгебралық өрнегін табыңыздар. Тұрақты шығындар 200 ақша бірлігіне тең.


А) 12 + 10Q;
В) 10 + 2Q3;
С) 12 + 1Q + 2Q;
D) 10 + 4Q;
Е) 10 + 2Q.

12. Өндірістің барлық факторларының (ресурстардың) өзіндік өзгешелігі болып:


А) әр түрлі бағаларға ие;
B) өзаратолықтырғыш, яғни бір фактор екіншісін толықтырады және оның пайдалануын алдын ала болжайды;
C) өзараалмастырған, яғни бір фактордың орнында белгілі пропорцияда екіншісін пайдалануға болады;
D) барлық жауап дұрыс;
E) В және С жауаптары дұрыс.

13. Бәсекелес фирманың орташа шығындары AC=40 + 2Q. Фирманың шығару көлемі қалай өзгереді, егер өнімнің бағасы бір дана үшін 200 а.б.-нен 100 а.б.-не дейін төмендесе?


A) 35 бірлікке төмендейді;
B) 4 бірлікке өседі;
C) өзгермейді;
D) 25 бірлікке төмендейді;
E) бұны анықтау мүмкін емес.

14. Жетілген бәсеке жағдайында шекті шығындар бағаға тең, себебі:


А) шекті табыстың сызығы сұраныс қисығы арқылы өтеді;
В) фирма өніміне сұраныс қисығы көлденең орналасады;
С) шекті табыстың сызығы тік орналасады;
D) жалпы шығындар сызығы теріс көбеу болады;
Е) фирма өніміне сұраныс сызығы тік орналасады.

15. Жетілген бәсеке жағдайындағы фирма үшін сұраныс қисығы немен сәйкес келеді:


А) жалпы табыстың қисығымен;
В) орташа және шекті табыстың қисығымен;
С) жалпы шығындардың қисығымен;
D) шекті шығындардың қисығымен;
Е) айнымалы шығындардың қисығымен.

16. Егер өндіріс көлемі ұлғайғанда, AVC кемісе, онда:


A) MC кему керек;
B) TFC кему керек;
C) TC кему керек;
D) MC AVC–дан төмен болу керек;
E) MC AVC–дан жоғары болу керек.

17. Өндіріс тиімді болып есептеледі, егер:


А) оған қолдағы барлық еңбек ресурстар пайдаланылатын болса;
В) қолдағы барлық ресурстар пайдаланылатын болса;
С) оған қолдағы барлық өндірістік ресурстар пайдаланылатын болса;
D) бұл жерде өндірістік факторлардың кемімелі өнімділігі әсер етеді;
Е) қолдағы ресурстардың ең кемі жартысы пайдаланылатын болса.

18. Табысты максималдау үшін бәсекелес фирма қосымша жұмысшыларды жалдау керек, тек қана егер:


A) жалпы түсім жалпы шығындардан кем болса
B) шекті еңбек өнімі ақшалай түрде еңбек ақы деңгейінен кем болса
C) шекті еңбек өнімі ақшалай түрде еңбек ақы деңгейінен артық болса
D) шекті өнім шамасы ақшалай түрде өседі
E) шекті өнім шамасы ақшалай түрде кемиді.

19. Төмендегілердің қайсысы фирманың өзіндік қайнар көздеріне жатпайды:


A) несие мен ссуда
B) негізгі іс - әрекетінен түскен пайда
C) амортизациялық фонд
D) сатудан түскен түсім
Е) қаржылық іс - әрекеттерден түскен пайда.

20. Ресурстың тиімді пайдалану әдісі


A) MRPB) MRP>MRC
C) P=MC
D) MRP=MRC
E) MR=MC




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет