Микроорганизмдер экологиясы



бет3/8
Дата14.06.2023
өлшемі149,34 Kb.
#178770
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ауа су топырақ

Жалпы микробтық саны. Ауаның ЖМС 1м³ көлемінде колония түзүші бірліктің саны (қоректік агар бетіне дақылдандырылған және 24сағат бойы 37°С градуста немесе бөлме температурасында инкубациланған колониялар санын есептейді).
Саңырауқұлақтар бар болуы. ауадағы ашытқы және зең саңырауқұлақтарының барлығын 96 сағат Сабуро ортасында 22-28°С инкубациял апанықтайды.
Ауаның микробтың санын анықтау үшін қоректендіретін агар қолданылады, гемолитикалық стрептококктарды анықтау үшін-генциан фиолет қосылған қанды агар, күдікті колонияларды қанды агарға қайта егу мен екіншілік микроскоптау арқылы жүреді. Staph. aureus-ті сарыуызды-тұзды агарға ауаны дақылдандыру арқылы анықтайды.
Орталар құрамы. Генциан-виолетті қанды агар:2% қоректендіретін агар мен 5-10% жылқының дефибринацияланған қанымен, қоян немесе қойдыкімен. Сарыуызды-тұзды агар: 2% қоректендіретін агар 10% натрий хлориді, 20% сарыуыз өлшемі.
Ауаны зерттеу үшін өзге де құралдар қолданылуы мүмкін (Дьяков, Речменский, Киктенко, ПАБ-1, ПОВ-1), оларда ауаның белгілі бір көлемі сұйықтықтар мен фильтрлерден өткізіледі, сосын қоректік орталарға өлшеніп дақылдандырылады. ПАБ-1 және ПОВ-1 қолдана отырып ауаның үлкен көлемдерін өлшеп, патогенді бактериялар мен вирустарды анықтайды. Патогенді және шартты-патогенді бактериялардың-ауруханаішілік инфекциялар қоздырғыштары (стафиллококктар, көк іріңді таяқша мен өзге де грам теріс бактериялар), міндетті анықталынуы-қазіргі уақытта стационарлардағы ауаны тексеруде қолданылады: хирургиялық, акушерлік-гинекологиялық,т.б.
Ауруханаішілік стафиллококктық этиологиясы бар инфекциялар анықталған жағдайда оның көзі мен таралу жолдарын табу үшін зерттелінеді: қоршаған орта объектілерінен бөлінген және науқастар мен күтүші персоналдан фаготиптену жолымен бөлінген стафиллококктар идентификацияланады.
Стационардағы кейбір бөлімшелердің ішіндегі ауаның микробты зақымдалуының рұқсат етілген мөлшері

Жұғын алу орны

Жұғын алу уақыты

Зерттеу қорытындылары

1 м³ ауа










Микробтар жалпы көлемі(КОЕ /м³)

Алтын стафф.

Грам теріс бак.

Операциялық блок
Реанимациялық бөлім(палаталар)
Процедуралық бөлме

Жұмысқа дейін
Кейін
Жұмысқа дайын
Жұмысқа дейін

100-ден көп емес
1000
1000-нан көп емес
50-ден көп емес
1000

Болмауға тиіс
4-тен көп емес
1-2ден көп емес

Болмауға тиіс
Болмауға тиіс
Болмауға тиіс
1-2 мүмкін




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет