Микроорганизмдер экологиясы


Судың санитарлық — микробиологиялық зерттелуi



бет6/8
Дата14.06.2023
өлшемі149,34 Kb.
#178770
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
ауа су топырақ

Судың санитарлық — микробиологиялық зерттелуi
Санитарлық — микробиологиялық зерттеуге жататын сулар:

  1. орталықтандырылған су құбыры;

  2. құдықтар;

  3. ашық су тоғандары (өзен, көл);

  4. жүзу хауыздары:

  5. қалдық сулар.

Судың санитарлық — микробиологиялық зерттеуiн жүргiзу:

  1. орталықтандырылған шаруашылықтың iшуге жарамды суының көзін таңдау және бұл көздi кезеңді бақылау;

  2.  орталықтандырылған сумен қамтуда ауыз судың зарарсыздандыруын тиiмдiлiгің бақылау;

  3. сумен орталықтан қамту, сондай артезиан ұңғымақтар, топырақ суларда бұлақтарға бақылауда;

  4. жеке су пайдаланатындарда судың жарамдылығының дәрежесiн анықтау; (құдықтар, бабұлақтар және тағы басқалар)

  5. ашық су тоғандарды судың күйiмен санитариялық-эпидемиологиялық бақылау: су қойнаулары, тоғандар, көлдер, өзендер;

  6. жүзу хауыздарындағы суды зарасыздандыру тиiмдiлiгiн бақылау;

  7. қалдық суларды сапасын тексеруге және тазарту дәрежесiнiң тексеру;

  8. жұқпалы аурулардың судан сурастыру.

Ауыз судың сынақтарының таңдау, тасымалдау және сақтауы

  1. Сынама алуды тек микробиологиялық талдау үшiн сынама алудың орындау техникасы бойынша нұсқау беруді өткен маман ғана iстеп шығарады.

  2. Суға сынама алуы үшiн бiр реттi ыдысты немесе микроорганизмдардың тiршiлiк әрекетіне ықпал етпейтiн материалдан жасалған бiрнеше рет қолдануға арналған ыдыстар қолданады.

  3. Ыдыстар тығыздап жабылмалы тығындары және қорғайтын қалпақтармен жабдылған болуы керек. Көп рет қолдануға болатын ыдыс, оның ішінде пробирка құрғақ қыздыру немесе автоклавтаумен зарасыздандыруға шыдамды болуы керек.

  4. Әр түрлi мақсаттар үшiн бір жерден сынамалар алуда ылғи бiрiншi бактериологиялық зерттеулер үшiн сынақты таңдайды.

  5. Сынаманы стерильденген ыдыстарға жинайды. Ыдысқа сынаманы жинау кезінде, пробканы стерильденген калпакпен бірге шешіп алады. Сынаманы жинау кезінде ыдыстың пробкасы мен жиектері баска да бір жерлерге тимеуі қажет. Ыдысты шаюға болмайды.

  6. Егер судың сынамасын көп таралған жерлерден, мысалы крандардан жинайтын болсақ. Онда алдымен оны стерильдеу қажет. Ол үшін кранды күйдіру немесе 10 минут уақыттай суды ашық қалдыру қажет. Сынама алу кезінде судық ағу жылдамдығы төмен болуы мүмкін. Сынама алу кезінде кранда резинке шлангтар мен басқа да қондырғылар болмауы тиіс. Ыдысты толтыру кезінде пробка мен судың бетінің арасында бос орын қалуы қажет, себебі пробка тасымалдау кезінде суланбауы ушін. Ыдыс суға толған соң оның бетін стерильді пробкамен және қалпақпен жабады.

  7. Сынамаға алынған судың документі болады. Онда сынаманың алынған жерін, уақытын, күнін, сынама жинаған адамның аты жөнін және т.б ақпараттар жазылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет