Лайм ауруының қоздырғыштары морфологиялық жəне тинкториалдық қасиеттері бойынша типтес
боррелиялар, олар кенелерден бөлініп алынған кезде қоректік орталарда жақсы дақылданады.
Науқастан алынған материалдардан (кан, ликвор) қоздырғышты сирек жағдайда бөліп алуға
болады.(Боррелиялар мөлшері шамалы сызықшалы хромосомалардан жəне циркулярлы
плазмидалар жиынтығынан тұратын, басқа бактерияларда аналогы жоқ бірегей генетикалық
аппаратқа ие. Олар мөлшері 0,3-0,6х20 мкм,3-10 ірі бұрамалары бар жіңішке спирохеталар.
Қозғалтқыш аппараты 15—20 фибриллалардан тұрады. Олар анилиндік бояғыштардыжақсы
қабылдайды, Романовский – Гимза бойынша көк-күлгін түске боялады. Боррелияларды құрамында
сарысу, асцит, тін экстракты бар күрделі қоректік орталарда, 28–35 °С-та, 5-10% CO, бар жағдайда
жəне тауық эмбрионының сарыуызды қапшығында дақылдандыруға болады.Құрғатуға жəне
қыздыруға сезімтал. 45–48 °С-та қыздырғанда 30 мин өледі. Төменгі температураға жəне
мұздатуға төзімді.)
Антигендік құрылымы:Антигендік құрылымы күрделі. Фибриллярлы аппаратының (p41) жəне
цитоплазматикалық цилиндрінің (p93) нəруыздық антигендері бар, оларға қарсы антиденелер
инфекцияның алғашқы кезеңінде пайда болады, бірақ қорғаныштық қасиетке ие емес.Сыртқы
мембранасының липидты модифицирленген интегралдық нəруыздардан тұратын антигендердің
протективті белсенділігі бар. Оларды Osp (outer surface protein) A, B, C, D, E, F деп белгілейді,
детерминациялық синтезделуі бір топ плазмидалар арқылы атқарылады.OspA-антигенінің
антигендік вариабелділігі бар, 7 серологиялық варианттарға бөлінеді жəне түр спецификалық
болып табылады.Боррелиялардың тіршілік циклы кезінде антигендік құрамы өзгеріскеұшырайды.
Қоректік орталарда өсіргенде жəне аурудың соңғы сатысында адам организмінен табылған
боррелияларда OspA антиген басым болады, ал кенелерде жəне аурудың алғашқы сатысында
антиген OspС басымырақ болады.
Патогенділік факторлары:Сырткы мембранасының липидты модифицирленген нəруыздары иесінің
жасушаларына боррелиялардың жабысуын жəне енуін қамтамасыз етеді. Макрофагтармен өзара
əрекеттесу нəтижесінде қабыну процесін индуцирлейтін Ил-1 бөлініп шығады.Артриттер
коздыруға əкелетін иммундыпатологиялык реакциялардың даму процесінде OspA қатысады. Ол
жылулық шок протеині жəне нəруыз бірдей. Ол 37 °С кезінде синтезделе бастайды.
Достарыңызбен бөлісу: