40 жастағы жұмысшы К. «Кенелік энцефалиті» болжама диагнозымен ауруханаға жатқызылған. 1. Қоздырғыштың таксономиялық жағдайдын, құрылымын жəне антигендік қасиеттерін
сипаттаңыз.
Тұқымдастығы: Flaviviridae Туыстастығы:Flavivirus Құрылымы:КЭВ геномы бір жіпшелі плюс-РНҚ-нан тұрады. Жетілген вирус құрамында үш
құрылымдық нəруыз болады: капсидтік С нəруыз,мембраналық М нəруыз жəне беткейлік Е
нəруыз. Е нəруыз вирустардың жасушаларға тропизмділігін қамтамасыз етеді. Оның беткейінде
висцеротроптылық жəне нейровируленттілік детерминанттар орналасады. КЭВ геномында
құрылымдық емес NS1-NS5 нəруыздар жəне вирустық РНҚ-полимераза кодталған. Олар вирустың
репликациялануына қатысады. Физикалық жəне химиялық факторлардың əсері шамалы болуына
қарамастан, ол тасымалдаушылардың организмінде өзінің тіршілік қабілеттілігін температураның
кең диапазонында (минус 150 °С-тан плюс 30 "С-қа дейін) сақтай алады, соның нəтижесінде оның
кең таралуына əсерін тигізеді.Вирус қышқыл рН əсеріне төзімділік көрсетеді,оның алиментарлық
жолмен жұғуда маңызы күшті.
Ангигендік құрылымы:
Топтық – комплемент-байланыстырушы, белоктар,нуклеокапсид
Типтік – суперкапсидті гемагглютининдер
Есеп № 54. Жұқпалы аурулар ауруханасына науқас қалтырау, қызба (39,5 0 С), азапты бас ауруы, аяқ-қол жəне бел аймағының солқылдап ауыруы, жүрек айну жəне бірнеше рет құсу шағымдарымен түсті. Пациенттің 3 апта бұрын сорған кенені тапқаны анамнезінен белгілі болды. Кене энцефалитіне қарсы егілмеген. Дəрігер болжама диагнозын қойды: «Кене энцефалиті». 1. Науқастан қандай материалды алу керек жəне диагнозды растау үшін зертханалық
диагностиканың қандай əдісін қолдану керек?
Тұқымдастығы: Flaviviridae Туыстастығы:Flavivirus Кенелік энцефалитке диагноз қою зерттеу затында вирусты жəне оның антигендерін табуға, ПТР
қоюға жəне антиденелер анықтауға негізделген. Вирустарды науқастың қанынан жəне
цереброспиналды сұйықтығынан, өліктің ішкі ағзалары жəне миынан интрацеребралды жолмен
жаңа туылған ақ тышқанға жəне жасуша дақылдарына (культура) жұқтырумен бөліп алады.
Вирусты идентификациялау ГАТР, БР жəне КБР-мен жүргізіледі жəне жасуша дақылының
(культура) моноқабатында ИФР көмегімен атқарылады.
Науқастың қос қан сарысуында жəне жұлын сұйықтығында антиденелер табу КБР жəне ГАTP
көмегімен жүргізіледі. КЭВ Е нəруызына қарсы спецификалық IgM жəне IgG класына жататын
спецификалық антиденелер жəне КЭВ антигендерін анықтау үшін лантанидті иммунды
флюоресценсиялық жүйе жасалған. Зерттелетін заттан, соның ішінде, адамды шаққан кенеден
антигендерді табу ИФТ-E көмегімен атқарылады.
Кенелік энцефалитке экспресс-диагноз қою ЖГАР жəне ИФТ-мен қанда вирустық антигендерді
табуға, аурудың бірінші аптасында цереброспиналды сұйықтықта IgM-антиденелерді табуға жəне
адамдардың қанынан, жұлын сұйықтығынан ПТР көмегімен РНҚ табуға негізделген.
Н ПРО БҚМУ 703-08-2020. Бақылау-өлшегіш құралдары(аралық бақылау арналған).Бесінші басылым.
Ф ПРО ЗКМУ 703-08-2020. Контрольно-измерительные средства (для промежуточного контроля). Изданиепятое.
F PRO WKMU703-08-2020.
Measuring instruments (for intermediate control)
. Fifthedition.