Туыстастығы:Lyssavirus(Зверовта да Кара кытаптада осылай тур)
РНҚ-кұрамды вирус. Вирионы оқ пішінді, мөлшері 75-180 нм. Ол Гликопротеинді тікенекшелері
бар липопротеинді қабықшамен қоршалған жүрекшеден (спиралды рибонуклеопротеин жəне
матристік нəруыз) тұрады. G гликопротеин вирустың жасушаға жабысуына жəне енуіне жауапты,
антигендік жəне иммундыгендік қасиеті бар. Рибонуклеопротейн геномдық бір жіпшелі
сызықшалы минус-РНҚ жəне нəруыздардан тұрады. N-нəруыз каптама ретінде геномдық РНҚ-ны
жауып тұрады, L жəне Р-нəруыздар вирус полимеразасы (транскриптазасы) болып табылады.
Инфекция көзі болуы мүмкін жануарларды (қаңғыбас иттерді, мысықтарды жəне басқа
жануарларды) ұстап алады, оқшаулайды немесе жояды. Үй жануарларын дұрыс ұстау маңызды.
Жануарларды импорттау кезінде карантиндік шаралар жүргізіледі. Қызметтік жəне үйде ұстайтын
иттерді антирабикалық вакцинамен иммунизациялайды.Зардаптанған адамның жарақатын
сабынды сумен шаяды, спирт немесе йод препаратымен өңдейді, жарақат айналасын кесіп
тастайды жəне 3 күн бойы тікпейді.Спецификалық профилактикасы антирабикалық вакцина жəне
антирабикалық сарысу немесе имундыглобулин егу арқылы атқарылады.Құтыруға қарсы бірінші
вакцинаны құтыру қоздырғышы қоянның миына қайталап жұқтырып (пассаждаn) Л.Пастер алған.
Қояннан қоянға жабайы құтыру вирусы 133 рет қайталап жұқтырылғаннан кейін оның алғашқы
жасырын кезеңі 15—20 күннен 7 күнге дейін азайған. Содан кейінгі жасырын кезеңі өзгермеген.
Жасырын кезеңі тұрақты осындай жолмен алынған вирусты Л. Пастер фиксацияланған вирус
(virus fixe) деп атады. Фиксацияланған вирус басқа жануарлар түрлері үшін вируленттілігін
жоғалтқан. Сонымен қатар, Л. Пастер инфекцияланған миды сілтілі калий буының бетінде
құрғатқан. Л. Пастер осындай вакцинаны алғашқы рет құтырған ит талап кеткен балаға 1885 ж.
еккен.Белсенді-енжар иммунизациялау жүргізіледі. Енжар иммунизациялау кезінде антирабикалық
иммундыглобулин немесе антирабикалық сары-су енгізеді. Белсенді иммунизациялау кезінде УК-
немесе
ү-сəулелермен
инактивацияланған,
концентрацияланған
дақылдық
(культуральный)антирабикалық вакцинаны енгізеді, егудің шартты курсы - вакцинаны 2-4 егу (10
күн бойы тістеп алған жануарды бақылауға алады);міндетті жүргізілетін вакцина егу курсы
нұсқама бойынша атқарылады.Құрамында вирустың G гликопротеині болатын гендік-инженерлік
вакцина жасалып жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: