М-нəруыз стрептококтың жасушалық қабатындағы басқа беткейлік нəруыздармен кешенді түрде
бірлесіп, комплементті иммундыглобулиндерді тосқауылдайды, антифагоцитарлық қасиетке ие
болады. А жəне С тобындағы стерептококтардын капсуласы гиалурон қышқылынан, ал
пневмококтардікі полисахаридтерден тұрады. Капсуланың антифагоцитарлық қасиеті бар,
колонизациялық процестерге қатысады. Липотейхой қышқылы М-нəруызбен кешенді түрде
стрептококтардың адгезиялануына əсер етеді, кардит, дəнекер тіндер мен бауырға уыттылықпен
əсер етеді.Стрептококтары (S. pyogenes) экзотоксиндердің үлкен тобын өндіреді: эритрогенин,
стрептолизиндер, лейкоцидин, цитотоксиндер. Эритрогенин-суперантиген болып табылады,
циптокиндердің мол шығуына əсер етеді, дене қызбасын, токсикалық шок синдромын қоздырады.
Стрептолизин оттегіне төзімді, эритроциттерді лизистейді.Цитотоксиндер — жасушаларды
зақымдайтын пептидтер.Нефритогенді штамдары бүйрек тіндерін зақымдайтын цитотоксин бөліп
шығарады.Стрептококтар гиалуронидаза, ДНҚ-аза, мурамидаза,стрептокиназа ферменттерінің
үлкен арсеналына ие. Гиалуринадаза Дəнекер бұлшықеті бойынша стрептококтарды таратуға үлес
қосатын инвазиялық фактор.Стрептокиназа фибриндік талшықтарды ерітуді белсендіреді.
Стрептокиназа мен стрептодорназа қоспасын клиникада тамыр ішінде пайда болған қан
ұйындысын ерітіп жіберу үшін пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: