Міндеттері



Дата26.08.2017
өлшемі80,71 Kb.
#28439
«Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияны қолдана отырып, оқушылардың танымдық, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту және мұғалімдердің әдістемелік шеберліктерімен іскерліктерін көрсету» мәселесі бойынша есебі

Жаңа оқу жылының мектепішілік жоспарына сәйкес және мектептің түйінді әдістемелік мәселесін ескере отырып, қазақ тілі мен әдебиет пән бірлестігінің мәселесі: «Қазақ тілі сабағында жаңа педтехнологияны қолдана отырып, оқушылардың танымдық, шығармашылық ойлау қабілетін дамыту және мұғалімдердің әдістемелік шеберліктерімен іскерліктерін көрсету».


    Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінің  мақсаты : жеке тұлғаны жан – жақты тәрбиелеу, озық әдіс –тәсілдерді және жаңа педтехнологияларды оқыту барысында қолдану арқылы оқушылардың білім сапасын, мұғалімдердің кәсіби шеберлігін, біліктілігін арттыру

  Міндеттері: 


1.    Барлық типтегі сабақтарды өткізудің жоғары әдістемелік деңгейін  
қамтамасыз ету.
2.    Жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру.
3.    Әдістемелік бірлестік мұғалімдердің кәсіби біліктіліктерін көтеру.
4.    Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер іс- тәжірибесінің тиімді тұстарын айқындау, жинақтау және оны тарату.
5.    Оқу-тәрбие үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялады енгізу.
6.    Қазақ тілі мен әдебиеттен берілетін білім мазмұнын меңгертуде, тілдік біліктілікті қалыптастыру барысында танымдық, қарым-қатынастық қызметтерін бірлікте қамту.
        2010-2015 оқу жылдарында ӘБ –те 6 мұғалім еңбек етуде. Барлығының білімдерім жоғары, тәжірибелі ұстаздар.  ӘБ мұғалімдерінің мақсаты мен міндеті – болашақ ұрпаққа жаңа технология әдістері бойынша оқытуда сапалы білім беруге талпынады.
Оның 6 жоғары білімді.  
Бірінші санатты    3
екінші санатты     3

Бірінші санатты мұғалімдер: Игубаева Р.А, Мендоллина К.Т, Жусупова Б.К, екінші санатты мұғалімдер:Құдабаева Б.С, Алимжанова У.И, Айтымова А.А   Әр жыл сайын жылына   әдістемелік бірлестікте 4- отырыс өткізілді, онда әр түрлі сұрақтар қаралып, шешімдер  қабылданды.


№ 4 орта мектепте 12 – 22 қыркүйек аралықтарында жыл сайын өткізілген  қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі өткізіліп отырылды.

 «Әр халықтың тілі – білімнің кілті» демекші  мектепте  білім дәстүрлі Тілдер мерекесіне байланысты тіл онкүндігі  өткізілді.
          Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің жетекшісі Игубаева Р.А ұйымдастыруымен болған бұл аталмыш шара жоспар бойынша онкүндікке ұласты. Онкүндікке бектілген жұмыстардың негізгі мазмұны, мәні мен мағынасы, тәрбиелік жағы мақсатқа сай айқындалып жоспарланды.
           Жалпы  мектепішілік оқушылар сапында «Тілім менің – тірлігімнің айғағы» атты онкүндіктің  салтанатты ашылуы үш тілде оқушылар ән, тақпақ оқу арқылы ашты. Жоспар бойынша  9– 11сыныптар аралығында «Тіл –халықтар достығы, мемлекеттік тіл –қазақ тілі» тақырыбында шығармалар сайысы өткізілді. Ең үздік шығарма   9  «ә» сынып оқушысы Габдуллина Ә және 11 сынып оқушы Рысмағамбетова Ә.   5-7 сыныптар аралықтарында мәнерлеп оқу сайыстары жүргізілді. Әр оқушы сөйлеу ырғағына, нақышына келтіріп оұуларына сай марапатталды.  Бастауыш сынып оқушылары арасында « Ұлттар достығы » атты әдеби монтаж жүргізілді.
   Жоспар бойынша Тілдік мәртебесін көтеру, тілдің құндылығын меңгерту мақсатында қазақ тілі мен әдебиеті  мұғалімдері Мендоллина К.Т, Құдабаева Б.С, Игубаева Р.А, Айтымова А.А, Қайырбекова А.Ж өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзіндік жұмыстарымен ашық сабақтар, сыныптан тыс шаралар  өткізді.



Сабақтың тақырыбы

Сыныбы

Мұғалім

1

«Зат есімнің түрленуі»

7 «ә»

Игубаева Р.А

2

« Ата –анаңа не істесең, алдыңа сол келер»

8 «б»

Мендоллина К.Т

3

«Менің Отаным –Қазақстан»

6 «б»

Құдабаева Б.С

4

«Туған тілде сыры терең жаным бар»

8 «ә»

Қайырбекова А.Ж

       
      әріптестер интерактивті тақтаны мүмкіндіктерінше қолданып, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыра білді. Әріптестер әр түрлі білім көздерін (кесте, оқулық, керекті құралдарды) қолданып, оқушылардың ой- санасын оятып , ынталандырып, өз беттерімен жұмыс істеуге ерекше көңіл бөлді.

Сонымен қатар ұлты басқа ұстаздармен және 9-11 сынып оқушыларымен «XXI  ғасыр көшбасшысы» танымдық  сайысы сыныптан тыс жұмыс  ретінде  өткізілді. Сайыстың алғы шарттарының бірі –топты таныстыру барысында әріптестер мен оқушылардың өлең шығару, логикалық тапсырмаларды шешу  қабілеттері көпті сүйсіндірді. Сайыста үш топ қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілдерінен жан –жақты екенін көрсете алды. «Тіл тағдыры – ел тағдыры» атты аудандық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Олар: Вебер Кристина -1 орын-2013 ж, Карева Екатерина – 3 орын. Апталық «халықтар достығы» атты фестивальмен жабылды.

      Онкүндік жоспарға   енгізілген жұмыстар өз  мәресіне жетіп, әдістемелік   отырысында талданып, қорытыланды және мектеп ішілік жиында апталыққа белсене қатысқан оқушылар мен ұлты басқа әріптестеріміз марапатталды.

Қазақ тілі мен әдебиет апталығында кестеге сай іс –шаралар жұргізіліп, әдістемелік бірлестікте қорытынды шығарып, ұсыныстар жасалып отырылды.

   Сонымен мектепішілік олимпида, аудандық олимпиадаға, ОҒЖ- на ,қашықтық олимпиадаға төменгі кестеде берілген оқушылар қатысып , жүлделі орындарға ие болды.

Оқушылар жетістіктері:



Нәтиже

2011-2012

2012-2013

2013-2014

2014-2015

«Кио» қашықтық олимпиада

Вебер Кристина «Ең үздік» сертификат

Шестаева Каролина сертификат

Глазунова Екатерина,Карева Е, Аубакироав В

Глазунова Екатерина орын,Карева Е , Аубакироав В (қатысу)

«Зият» қашықтық

олимпиада









Глазунова Екатерина орын,Карева Е , Аубакироав В (қатысу)

Глазунова Екатерина 1 -орын,Карева Е – 2- орын, Аубакироав В-2 орын

«Жарқын болашақ»




Нилова Виктория – 3 орын

Шәуәли Мира- 3 орын




«Абай»оқуы




Асқарова Жұлдыз – 3 орын

Шәуәли Мира – 3 орын




ОҒЖ

Олжабаева Д, Рыспагамбетова А ( қатысу)







Касаткин В – 3 орын

Аудандық олимпада




Скороходов С – 3 орын







ҰБТ

67

68

78

77

Жыл сайын тоқсандық, жылдық білім сапалары көрсетіліп отырылды.

Ұсыныстар:


        Оқу сапасы төмендеген сыныптарда оқу сапасының төмендеу себептерін анықтау;
         Оқшылардың оқу үлгеріміне әсер ететін факторларды анықтау; 
•    Оқушылрдың  оқу үлгерімінің жоғары болуы үшін мүмкін боларлық жағдайлармен  қамтамасыз ету; 
•    Интерактивті әдістер көмегімен оқушылардың танымдық, шығармашылық ой-өрісін дамыту үшін түрлі ой қызметі түрлеріне тарту; 
•    Оқушылрдың оқу үлгерімін жоғарлатудың педагогикалық-психологиялық негіздерін диалогтық талқылау (дөңгелек үстел, конференция)

2010-2015 оқу жылындағы қазақ тілі мен әдебиет пән әдістемелік бірлестік мұғалімдерінің жетістіктері

Республикалық іс- шараларға қатысуы

Іс –шараның аты

Қатысушының аты -жөні

Нәтижесі

Пән бойынша КИО олимпиадасы

Айтымова А.А.

Сертификат

Пән бойынша КИО олимпиадасы

Игубаева Р.А

Сертификат

Пән бойынша КИО олимпиадасы

Құдабаева Б.С

Сертификат

Пән бойынша КИО олимпиадасы

Мендоллина К.Т

Сертификат

Аудандық іс –шараларға қатысуы

Іс –шараның аты

Қатысушының аты -жөні

Нәтижесі

ҰБТ –ке дайындау жүйесі

Игубаева Р.А

қатысу


Авторлық бағдарлама

Мендоллина К.Т

мадақтама




  1. Республикалық газет «45 минут» Ашық сабақ – « Астана қаласына саяхат» сертификат, мақтау қағазы -Құдабаева Б.С

  2. Зият қашықтық олимпадасы – алғыс хат –Игубаева Р.А

Жыл бойы өткізілген жоспардағы іс- шараларға байланысты әріптестерге ұсыныстар:

ӘБ жұмысын жоспарлау кезінде мәселелерді қосу ескеріп, қосу керк:


•    Пәнді оқытудағы әдістемелік және теориялық жақтары, педагогикалық және психологиялық жақтары.
•    Нормативтік құжаттарды оқып, үйрену.
•    Жаңа бағдарламалар мен оқулықтарды оқып, үйрену
•    Озат тәжірибені тарату, оқып-үйрену  және семинарларды практикалық сабақпен ұштастырып өткізу.
•    Мақсатты өзара сабаққа қатысуды, ашық сабақтарды ұйымдастыру.
•    Мұғалімдердің сабақ беру жағдайы мен оқушылардың білім сапасын анықтау
•    Педоқуға, аудандық семинарларға дайындық.
•    Өзін-өзі білімін жетілдіру туралы әріптестердің есептері

•    Әдістемелік материалдарды жинақтауды ұйымдастыру.


•    Көрнекті дидактикалық материалдар мен рефераттар, оқушылардың шығармашылық жұмыстары, ең жақсы дәптер көрмесін ұйымдастыру.


баяндаманы жазған: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің әдістемелік бірлестік жетекшісі : Игубаева Р.А    

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет