Минералды тыњайтќыштардыњ химиялыќ технологиясы пєнінен зертханалыќ ж±мыстар


Суда ерімейтін қалдықты анықтау әдісі



бет14/18
Дата30.01.2023
өлшемі355,5 Kb.
#166768
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
Байланысты:
Ï?íí³? Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ «Ìèíåðàëäû øèê³çàòòû? àíàëèç³» ï?í
ТЖБ кестесі 4 -тоқсан 2022 - копия — копия — копия — копия, Адилбекова Құндыз
Суда ерімейтін қалдықты анықтау әдісі
0,1-2,0 % суда ерімейтін қалдықты калий хлоридінде анықтау әдісі: ерімейтін қалдықты фильтрлеп, еритін анализденетін сынамадан бөліп алып, сосын оны кептіріп, өлшейді.
Қолданылатын құралдар, реактивтер, материалдар.

  1. Жабық электр плиткасы.

  2. Техникалық, аналитикалық таразылар.

  3. Воронка, стакандар, колбалар, қоңыр шыныдан жасалған ыдыс.

  4. Азот қышқылды күміс, массалық концентрациясы 5 г/мл.

  5. “ақ жолақ” фильтр қағазы.

Анализге дайындық.

  1. “ақ жолақ” фильтрді стаканға салып (105+-5)0С температурада кептіргіш шкафта 30 минуттай кептіріп, эксикаторда суытып, аналитикалық таразыда өлшейді.

  2. Күміс нитратының ерітіндісі: 0,5 г AgNO3 өлшеп, 100 мл-лік өлшегіш колбада ерітіп, белгісіне дейін дистилденген сумен жеткізіп, қоңыр шыныдан жасалған ыдыста сақтайды.

Анализді жүргізу
10,0000 г калий хлоридін өлшеп алып, 400 мл-лік стаканға салып, 150 мл су құйып, араластырып, қайнағанға дейін жеткізіп, 500 мл-лік өлшегіш колбаға «ақ жолақ» фильтр қағазы арқылы фильтрлейді, фильтрдегі ерімеген қалдықты жақсылап жуып, Cl- - ионына тексереді (азот қышқылды күміс ерітіндісімен). Фильтрат суыған соң, колба белгісіне дейін дистилденген сумен жеткізеді.
Ерімеген қалдықпен фильтрді (105+-5)0С температурада кептіргіш шкафта кептіріп, эксикаторда суытып, өлшейді (фильтр қағазды алдын ала (105±5)0Стемпературада 30 минуттай кептіріп, суытып, өлшеп алады.)
Ерімеген қалдықтың массалық үлесін процент бойынша мына формуламен есептейді.
Х = (m2-m1)*100/m, мұндағы m2 – фильтр қалдықпен массасы, г
m1 –бос фильтр массасы, г
m – анализге алынған сынама массасы, г


Натрий хлоридін жалынды-фотометриялық әдіспен анықтау.
Калий хлориді құрамындағы 0,00-10,00 % мөлшердегі натрий хлоридін анықтауға қолданылады.
Натрий хлориді аэрозоль ретінде жалынға енгізгендегі натрий сәулесінің интенсивтігін өлшеуге негізделген әдіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет