Минералды тыњайтќыштардыњ химиялыќ технологиясы пєнінен зертханалыќ ж±мыстар


Бейорганикалық заттар технологиясының жіктелуі



бет4/18
Дата30.01.2023
өлшемі355,5 Kb.
#166768
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Ï?íí³? Î?Ó-?ä³ñòåìåë³ê êåøåí³ «Ìèíåðàëäû øèê³çàòòû? àíàëèç³» ï?í
ТЖБ кестесі 4 -тоқсан 2022 - копия — копия — копия — копия, Адилбекова Құндыз
Бейорганикалық заттар технологиясының жіктелуі.
Технология шикізатты халық тұтынатын өнімдер немесе өндіріс құралдарына айналдыру үрдіcін және әдістерін оқиды (технос-кәсіп). Шикізат деп белгілі бір бағасы бар алғашқы заттарды атайды.
Әр түрлі өндірістің алғашқы заты ретінде қолданылатын шикізаттың бірнеше түрі болады. Шикізат қатты болса, белгілі бір өнім алғанда араласатын болса, ондай қоспа шихта деп аталады.
Аралық өнім (жартылай)-өндірісте аралық кезеңде алынатын өнім.
Дайын өнім - соңғы сатыда алынатын өнім.
Технологияның барлық түрі екіге бөлінеді: механикалық және химиялық. Механикалық технология шикізатты өндеуде химиялық құрамы өзгермейтін кей жағдайда физикалық қасиеті өзгеретін, көбінесе сыртқы түрі мен қалпы өзгеруінің әдістері мен үрдісін оқытады.
Химиялық технология алғашқы заттардың химиялық құрамы өзгере жүретін үрдісті оқытады. Егер шикізат және соңғы өнім органикалық зат болса органикалық заттар технологиясы болады.
Бейорганикалық заттар өндірісі:
1. қышқылдар, негіздер, тұздар және минералды тыңайтқыштар өндірісі;
2.фармацевтикалық, бейорганикалық реактивтер және сирек элемент өндірісі;
3.электрохимиялық өндірістер (хлор, сутек, сілті т.б. заттарды электрохимиялық жолмен өндеу);
4. электротермиялық өндіріс (фосфорды, карбидті, кальций цианидін т.б. электротермиялық әдіспен өндеу);
5. металлургия (қара, түсті бағалы және сирек металлдарды өндіру)
6. силикаттар мен байланғыш материалдар (шыны, цемент, керамика т.б. өндірісі) ;
7. минералды бояу мен пигменттер өндірісі.
Техноэкономикалық көрсеткіштер.

  1. Шығын коэффициенті, өнім шығымы.

  2. Өнім сапасы

  3. Аспап өнімділігі және қуаттылығы

  4. Үрдіс және аппарат интенсивтілігі

  5. Еңбек өнімділігі

  6. Өнімнің өздік құны

Шығын коэффициенті дайын өнім бірлігіне (1кг,1т т.б.)жұмсалған шикізат пен энергия мөлшері – ол шығын коэффициенті.
Өнім шығымы практикада алынған өнім мөлшерінің (gпр кг немесе тонна) теориялық мөлшеріне қатынасы.
n=gпр/gтеор *100%
Мысалы: 65%-ті 1т азот қышқылын 186,2кг NH3 тотықтырып алса, онда азот қышқылының шығымын және шығым коэффициентін есепте.
Шешімі: 1т 65% HNO3 ерітіндіде 650 кг HNO3 бар. Теория жүзінде 17кг NH3-ден 63кг NH3 алынады.

186.2кг аммиактан сусыз 690кг HNO3 алыну керек.


17-------63
186,2------х х=dтеор=186.2*63/17=690

Немесе
690----------100%


650----------х х=650*100/690=94,2% (HNO3 шығымы)

NH3 бойынша шығым коэффициенті 186,2/650=0.286 өнім шығымы әр уақытта 100%-тен кем болады, себебі реакция толық жүрмеуі мүмкін т.с.с.


Дайын өнім сапасы (құрамы мен қасиеті ) оның құрамында болатын бөгде қоспаларға байланысты. Бұл қоспа мөлшері алғашқы және соңғы заттардың тазалығына, қосымша реакция өніміне байланысты. Әр өнімнің сапасы МЕСТ,ТУ арқылы анықталады. Мысалы: тамақ өндірісінде қолданылатын қышқылдар құрамында зиянды (Pb, Нg, As т.б.) заттар болмау керек. Аккумуляторды толтыратын күкірт қышқылына белгілі талаптар МЕСТ-та болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет