Тәжірбиелік жұмыс №2 Тақырыбы: Мектеп оқушыларына денсаулық сақтаудың педагогикалық технологиясын колдану ерекшеліктері
Орындаған: Меңдібай Гүлхан; Бауыржан Жанерке
Тобы: ПиП-19/3
"Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті" комерциялық емес акционерлік қоғамы
«БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІ» БББ 6В01101 - «Педагогика және психология»
Бастауыш сынып оқушылары үшін дене тәрбиесінің негізгі міндетін біле отырып, физикалық, жаттығуларды үнемі орындауға қалыптастыру мен тәуліктік қозғалыс белсенділігін жетілдіру қажет.
Дене тәрбиесі – сауықтыру технологияларын қолдану, сондай-ақ дене тәрбиесі сабағы арқылы, спорттық іс-шаралар, әр түрлі физкультпаузалар, емдік дене шынықтыру, таңертенгілік гимнастика, т.б. яғни дене тәрбиесі құралдарымен денсаулық сақтауды ұйымдастыру.
Оқушының тәуліктік қимыл белсенділігін негізге алып, оқушының қимыл белсенділгі режимі жасау. Оған дене еңбегінің қомақты көлемі, жүру, мектеп үзілісіндегі қозғалыс ойындары, денсаулық сағаты, сабақ уақытындағы физкульпаузалар, дене тәрбиесі сабақтары, спортпен айналысу, демалыс күнгі клубтар, спорт секциялары, денсаулық күні, туристік саяхаттар мен экскурцияларға қатысу, т.б. жатады.
Оқу үрдісінің денсаулық сақтау жүйесін құру мектеп қарым-қатынасын: мұғалім-оқушы, мұғалім-мұғалім, оқушы-оқушы, мұғалім-оқушы-ата-ана қатынасын гуманизациялау арқылы жүзеге асады.
Жеке–тұлғалыққа бағытталған білім беруге өтуде оқушының адами құндылығын қалыптастыру мен денсаулығын сақтау мектептің ең бірінші мәселесі болып табылады. Бұл мәселені ұйымдасқан байланыс арқылы, яғни өзінің психикалық және физикалық денсаулығын сақтау арқылы шешуге болады.
Жанұя мен мектеп қарым-қатынасы педагогикалық ертеден келе жатқан мәселесі. Баланы оқытуды мектеп өзі жүзеге асыра алады, бірақ тәрбие мәселесі ата-аналарсыз қиын. Бұл денсаулық мәселесінеде қатысты. Оның мынадай екі ерекшелігі бар.
Біріншісі, салауатты өмір салты, екіншісі, өз баласының денсаулығы – ата-ана үшін ең мағызды фактор болып саналады. Сол себепті де денсаулық сақтау технологиясына оқушының барлығының ата-аналары қатысу керек.
Салауатты өмір сүрудің негізінің бірі жағымды эмоцияның болуы. Физикалық денсаулықты сақтау үшін психикалық шынығу қажет, оның мәні өмір қуанышында. Педагогикада оқушыны мадақтау жағымды эмоция тудыратын тетік ретінде қарастырылады. Оқушыны мадақтау арқылы оның денсаулығын сақтауға және шынықтыруға болады. Сонымен бірге керісінше жазалау арқыла кері әсер алуымыз мүмкін. Сауалнама жүргізу, сабақтарға ену арқылы байқағанымыз жаңа технологияларды қолдану, сабақтың сергіту сәттері оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауы мен олардың арасында өзара құрмет, жауапкершілік және сенім пайда болуына әсер ететінін байқадық.
Денсаулық сақтаушы психологияларды оқу үрдісіне ендірудегі негізгі фактор ретінде ол жағымды эмоциялық фон мен кикілжің жағдайды болдырмау арқылы қарым-қатынасқа тиімді жағдай жасауы керек. Сабаққа оқушының ықыласын тудыру үшін оның алғашқы сәтте көңіл күйін музыка терапия, әртүрлі түстер мен флоратерапия арқылы көтеруге болады.
.
Бала денсаулығы – ең жоғары әлеуметтік құндылық. Бүгін мектеп партасында отырған балалар, он жылдан соңғы елдің әл-ауқат деңгейі мен экономикалық потенциалын, мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Басқарудың жобалау технологиясы жалпыға білім беретін мекемелерде оқушы денсаулығын сақтайтын педагогикалық орта моделін жасауға мүмкіндік береді.
Қазіргі қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық жағдайда бастауыш мектептегі оқушылар аурулары жоғарылауы оқу-үрдісінің тым қарқынды және ағзаның психологиялық, физиологиялық шығынның қалпына келуінің бұзылуына байланысты.
Тиімді және үйлесімді оқыту оқушының танымдық дамуының табиғи логикасын ескеру негізінде ғана мүмкін. Егер оқытуды мәдениет пен қоғамның тұлғамен жан-жақты қарым-қатынасының үнемі жүріп отыратын үрдісі десек, оның негізгі «байланысқа» түсіруші танымдық үрдістер болып табылады. Дәл солар арқылы тұлғаға дидактикалық әсер ететін, ішкі дүниесінің өзгерісі қалыптасатын, оның мәні оқушының білімі, білігі мен дағдысында көрінеді.Оның негізінде тұлғада психологиялық жаңарулар жүзеге асады.
Бастауыш мектепте баланың болашақта игеруіне болатын кез келген ғылым негізінің алғашқы білімдері қалыптасатындығын ескере отырып, ал бастауыш сынып оқушысы – бірте-бірте қалыптасып келе жатқан тұлға ретінде, қоғамдық санамен идеяларды талдай отырып, өз мотивтері мен мінез-құлық стимулын қалыптастыру арқылы өзі таңдаған және салалы түрде жасайтын әрекеттерімен өмір сүру әдеті пайда болады.