$$$ Конструкцияны шектік жағдайдың екінші тобы бойынша есептеу мақсаты?
$$ жарықшақтардың шектен тыс ашылуы мен орын ауыстырулардың алдын-алу
$ конструкцияның кез келген сыртқы әсер ықпалынан қирауын болдырмау
$ элементтің форма орнықтылығын жоғалтуды болдырмау
$ қираудың кез келген түрінің алдын алу, форма және жағдай орнықтылығын жоғалтуды болдырмау
$$$ Жүктемелердің жіктелуі?
$$ тұрақты және уақытша
$ тұрақты және ұзақ мерзімді
$ тұрақты және қысқа мерзімді
$ тұрақты және айрықша
$$$ Уақытша жүктемелердің жіктелуі?
$$ ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және айрықша
$ тұрақты және айрықша
$ ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді
$ тұрақты және ұзақ мерзімді
$$$ Кернеулік-деформациялық күйдің қайсысы жарықшақтың пайда болуы есебінде қолданылады?
$$ I кезең
$ II кезең
$ III кезең
$ III кезең, I жағдай
$$$ Кернеулік-деформациялық күйдің қайсысы жарықшақтың ашылу және деформация есебінде қолданылады?
$$ II кезең
$ I кезең
$ III кезең
$ III кезең, I жағдай
$$$ Кернеулік-деформациялық күйдің қайсысы пайдалану кезеңі деп аталады?
$$ II кезең
$ III кезең
$ I кезең
$ III кезең, I жағдай
$$$ Кернеулік-деформациялық күйдің қайсысы қирау кезеңі деп аталады?
$$ III кезең, I жағдай және II жағдай
$ II кезең
$ бастапқы кезең
$ I кезең
$$$ Кернеулік-деформациялық күйдің пластикалық қирау жағдайы?
$$ III, I жағдай
$ III кезең, II жағдай
$ II кезең
$ I кезең
$$$ Кернеулік-деформациялық күйдің морт қирау жағдайы?
$$ III, II жағдай
$ III кезең, I жағдай
$ II кезең
$ I кезең
$$$ Жүктеме бойынша сенімділік коэффициентін енгізу мақсаты?
$$ жүктемелердің өзгермелігін ескеру үшін
$ жүктемелердің мәнін анықтау үшін
$ жүктемелердің түрін анықтау үшін
$ жүктемелердің класын анықтау үшін
Достарыңызбен бөлісу: |