$$$ Элементтің иілу кезіндегі кернеулік-деформациялық күйінің үшінші кезеңі немен сипатталады?
$$ элементтің сығылған аумағындағы бетонның кернеуі шектік мәніне жетті, кернеу эпюрі қисық сызықты, созылған аумақтағы арматураның кернеуі болаттың физикалық немесе шартты ағу шегіне теңесті
$ элементтің сығылған аумағындағы бетонның кернеуі шектік мәнінен кіші, кернеу түзу сызықты, созылған аумақтағы арматура кернеуі ағу шегінен кіші
$ элементтің сығылған және созылған аумағындағы бетонның кернеуі шектік мәніне жетті, кернеу эпюрі түзу сызықты
$ элементтің созылған аумағында жарықтар пайда болды, созу күштеулері арматурамен қабылданады, ал сығылған аумағындағы кернеу бетонның сығылу беріктігінен кіші, кернеу эпюрі қисық сызықты
$$$ Кернеулік-деформациялық күйдің қайсысы беріктік есебінде қолданылады?
$$ I кезең
$ II кезең
$ III кезең
$ I-а кезең
$$$ Арматурада алдын-ала кернеу туғызудың негізгі тәсілдері?
$$ механикалық, электротермомеханикалық, электротермиялық
$ электротермомеханикалық, электротермиялық
$ тек механикалық
$ механикалық, электротермиялық
$$$ Алдын-ала кернелген темірбетонды алу тәсілдері?
$$ арматураны тірекке және бетонға тарту әдістері
$ арматураны күні бұрын дайындалған конструкцияның бетонына тарту әдісі
$ арматураны тірекке тартып, сосын бетондау әдісі
$ арматураны ораушы машиналар көмегімен тарту әдісі
$$$ Алдын-ала кернелген конструкциялардағы арматура кернеуі уақыт өте келе қалай өзгереді?
$$ азаяды
$ көбейеді
$ өзгермейді
$ тек белгілі бір жағдайда көбейеді
$$$ Конструкцияны шектік жағдайдың бірінші тобы бойынша есептеу мақсаты?
$$ қираудың кез келген түрінің алдын алу, форма және жағдай орнықтылығын жоғалтуды болдырмау
$ морт сынуды болдырмау
$ элементтің форма орнықтылығын жоғалтуды болдырмау
$ шектен тыс деформация мен орын ауыстырулардың алдын-алу
Достарыңызбен бөлісу: |