Министерство науки и высшего образования республики казахстан


АРОМАТТЫ КӨМІРСУТЕКТЕРДІ АЛКИЛДЕУ ПРОЦЕСІНЕ



Pdf көрінісі
бет56/225
Дата04.12.2023
өлшемі7,98 Mb.
#195036
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   225
Байланысты:
XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ-ХИМИЯ-2023-06-05 14 54 57pm
Blender- , ИКТ
АРОМАТТЫ КӨМІРСУТЕКТЕРДІ АЛКИЛДЕУ ПРОЦЕСІНЕ 
ЦЕОЛИТТІ КАТАЛИЗАТОРЛАРДЫ ЖАСАУ
КАИРГАЗИЕВА А. Б.
магистрант, Жәңгір хан атындағы
Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қ.
АБДЫГАЛИЕВА А. К.
магистр, аға оқытушы, Жәңгір хан атындағы
Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті, Орал қ.
Кіріспе. Мұнай өңдеу өнеркәсібінің негізгі міндеттерінің бірі 
– құрамында ароматты көмірсутектері аз және октан саны жоғары 
бензиндерді өндіру. Бензиннің октан санын арттыру үшін әртүрлі 
жоғары октанды компоненттер, соның ішінде сапасы бойынша 
көшбасшы болып табылатын алкилат қолданылады. Сондықтан 
бензинді қайта өңдеуде қолданылатын алкилдеу процесі маңызды. 
Алкилдену процесінің тиімділігін арттыру үшін қолданылатын 
катализаторлардың ішінде цеолитті катализаторларға ерекше көңіл 
бөлінеді. Цеолит ұзақ уақыт бойы химиялық өнеркәсіптер мен 
мұнай өңдеу зауыттарында әртүрлі өнімдерді алу үшін процестердің 
көптеген түрлерінде катализатор ретінде қолданылады. Олар жоғары 
беттік аудан, кеуектердің үлкен мөлшеріне, біркелкі микрокеуекті 
каналдарға, қышқылдық орталарға және керемет гидротермиялық 
және термиялық тұрақтылыққа байланысты әртүрлі қолданысқа ие.


104
105
«СОВРЕМЕННЫЕ ДОСТИЖЕНИЯ И ТЕНДЕНЦИИ ХИМИИ И ХИМИЧЕСКОЙ ТЕХНОЛОГИИ В XXI ВЕКЕ»
«XXI ҒАСЫРДАҒЫ ХИМИЯ ЖӘ
НЕ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ МЕН ТЕНДЕНЦИЯЛА
РЫ»
Катализатордың қызмет ету мерзімі маңызды жайттардың бірі 
екені белгілі, өйткені ол, процестің экономикалық орындылығын 
анықтайды. Қатты тасымалдағыштағы қышқылды катализаторлар 
қатысындағы алкилдеу технологиясы өте улы заттар. Сондықтан 
қатты катализаторларды пайдалану кезінде қышқылда еритін жанама 
өнімдердің болмауына және жалпы алғанда өндіріс қалдықтарының 
төмен деңгейіне байланысты экологиялық тәуекелдер айтарлықтай 
төмендейді [1].
Алкилдеу процесінде модифицирленген цеолит катализаторлары 
кеңінен қолданылады. Себебі, таза цеолиттегі алкилдену процесінің 
нәтижесінде шикізаттың конверсиялану дәрежесі әлдеқайда төмен. 
Бұл А. М. Жаксибаева, А. Т. Масенова және т.б зерттеулерінде 
анық көрсетілген. Авторлардың мәліметтері бойынша 500 °С 
температурада бензолдың пропанмен алкилдену процесінің 
таза цеолитке айналу дәрежесі небәрі 4-5% құраған. Осылайша, 
бензолпропан алкилдеу катализаторы жасалған, ол үшін NZSM-5 
платинамен модифицирленген [2]. 
Р. М. Моиса, Г. К. Василина, Ж. Қ. Қайырбеков және 
т.б. зерттеулерінде Шаңқанай кен орнының табиғи цеолитіне 
негізделген катализаторлардың каталитикалық белсенділігінің 
әсері және электронды сәулеленудің құрылымдық сипаттамалары 
қарастырылған. Нәтижесінде алюминий оксидіне отырғызылған 
5% Ni-5% WO
3
/табиғи цеолит катализаторының белсенділігіне 
қоршаған орта, электронды сәулелену дозасы және процестің 
температурасы әсер ететіні анықталған [3].
А л к и л д е н у п р о ц е с і н і ң с е л е к т и в т і л і г і к ө б і н е с е 
катализаторлардың қышқылдық орталардың саны мен күшіне 
байланысты [4-6]. С. Г. Амиров пен С. С. Исмаилов алкилдену 
процесінде жоғары белсенділікке ие модификацияланған жоғары 
кремнеземді цеолит қатысындағы деароматизация процесі 
орталықтандырылған механизмге негізделгенін көрсеткен, яғни 
алкилдену кезінде күшті протонды-қышқылдық орталардың 
қажеттілігі бар [7].
Детонацияға төзімділігі жоғары жанармайға өсіп келе жатқан 
сұраныс ароматты көмірсутектерді алкилдеу үшін жаңа тиімді 
катализаторларды әзірлеуді және енгізуді талап етеді. Осыған 
байланысты бұл жұмыстың мақсаты жоғары октанды бензин 
фракцияларын алу процесіне цеолитті катализаторды жасау болып 
табылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   225




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет